Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Арман Қайыпхан

  • 03.03.2025

Шымкент қаласында денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту, материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында жоспарлы жұмыстар қолға алынған, деп хабарлайды Malim.kz.

Шаһарда бүгінгі таңда екі ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Мұнда жылу жүйелері, желдеткіштер толығымен ауыстырылып, есік-терезелері жаңартылуда. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.
№1 қалалық клиникалық ауруханасының ғимаратында жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен орындалып келеді. Бүгінде аурухананың А, Б, Г және шаруашылық блогында жөндеу жұмыстары аяқталып, В блогында жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ, мамандандырылған бөбектер үйі және №2, №13 қалалық емханасында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бюджеттік ұсыным берілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен №4, №9, №10, №11 емханаларына жаңа ғимарат салу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде.

Фото: Шымкент әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті