Тараз әкімдігі қаладағы жарылыстың мән-жайын түсіндірді

Қала аумағында кеше түнде дүмпу жарылыс тіркелген

Мәди Саматұлы

  • 23.06.2024

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 22.06.2024 ж. сағат 21.41-де Тараз қаласы, «Қарасу» (5) шағын ауданы, 26-үйдің кіреберіс асфальтты жабындысы жарылып, жер дүмпіп, от лап етіп өшкен, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаланың газ шаруашылығы қызметі газталдау құрылғысымен зерттеп, газ құбырының өтпейтінін және газ жарылмағаны жөнінде қорытынды жасаған.

Басқа коммуналдық қызметтерде өздерінің желілерін зерттеп, жасалған қорытынды нәтижесінде 22.06.2024 жылы сағат 21.44 -те Тараз қаласы «Самал» мөлтек ауданында орналасқан 110/6 кВ-тық «Рысбек» подстанциясындағы 414 ұяшықтан шығып №10-шы тарату пунктіне баратын жоғары кернеулі жерасты кабелі істен шыққаны анықталды, деп жазды әкімдік.

Апатты өшу кезінде ұяшық автоматты түрде өшіп, жерасты кабелі электр қуатынан ажыратылған. Бұл 110/6 кВ-тық электр кабелі оқиға болған жерден өтеді. Сағат 22.47-де жарықсыз қалған 10 мөлтек ауданда резервті желілермен электр қуаты қалпына келтірілген.

Апаттық жағдай болған жерасты кабелі де тоқтан ажыратылып, қауіпсіз жағдайға келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланған еді.

Фото: скриншот

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025

Иранда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

27.04.2025

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

26.04.2025

Мәскеуде Ресей Қарулы Күштерінің генералы автокөлік жарылысынан қаза тапты

25.04.2025

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

25.04.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

Иранда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Иранда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

Мәскеуде Ресей Қарулы Күштерінің генералы автокөлік жарылысынан қаза тапты

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?