Темір жол саласында аса ірі көлемде қаржы жымқырғандар сотталды

159 млн теңгеден астам ақша ұрланған

Malim Админ

  • 07.08.2024

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС бас директоры, оның орынбасары және ЖШС бас менеджеріне қатысты аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін айыптау үкімі заңды күшіне енді. Бас көлік прокуратурасы  осындай ақпарат таратты. 

Сот талқылауы барысында сотталушылар теміржол станциялары үшін бейнебақылау жабдықтарын сатып алу және монтаждау бойынша аффилиирленген компаниялармен шарттар жасасу жолымен өздеріне сеніп тапсырылған 159 миллион теңгеден астам ақша ұрлағаны айыптаумен дәлелденген болатын.

Алайда, жабдық толық жеткізілмеді, техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеді немесе ақаулы болды. ЖШС бас менеджерінің рөлі бақылаудағы кәсіпкерлерді табу және бейнебақылау жүйелерін өз бетінше орнату болды. ЖШС бас директоры мен оның орынбасары қабылдау актілеріне қол қойып, заңбұзушылықтарға қарамастан мердігерлерге төлем жасаған.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, сотталғандар енді өмір бойы  мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.  Олар 7 жылдан 8 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот сотталғандардан келтірілген шығынды да өндіріп алды.

Фото: Gov.kz   

Байланысты жаналықтар

Ақмолада биылдыққа мың жарым бас малды пойыз қағып кеткен

16.11.2024

Шымкентте пойыз қаққан адам сол жерде қайтыс болды

22.09.2024

Абай облысында жолаушыны тепловоз қағып кетті

11.09.2024

Өскеменде тұрғындарға аю шабуылдады

27.08.2024

Шымкентте өндірістік база салынатын жер мемлекетке қайтарылды

24.08.2024

Жолаушы тасымалдайтын компанияларға субсидия қалай беріледі?

16.08.2024
MalimBlocks
Ақмолада биылдыққа мың жарым бас малды пойыз қағып кеткен

Оның 500-ге жуығы жылқы

Шымкентте пойыз қаққан адам сол жерде қайтыс болды

Ол теміржолдан рұқсат етілмеген жерде өткен

Абай облысында жолаушыны тепловоз қағып кетті

Ол құлаққаппен ән тыңдап, теміржолдан өтіп бара жатқан

Өскеменде тұрғындарға аю шабуылдады

Оқиға теміржолдың бойында болған

Шымкентте өндірістік база салынатын жер мемлекетке қайтарылды

Жер телімі ұзақ уақыт пайдаланылмаған

Жолаушы тасымалдайтын компанияларға субсидия қалай беріледі?

Теміржол бағытында қызмет көрсететін компанияларға талап күшейтіледі.