Түркістан облысында шегіртке 50 га алқапта тараған

Өңірлер алқаптарды шегірткеге қарсы өңдеп жатыр

Мәди Саматұлы

  • 09.06.2024

Түркістан облысында қосымша жер телімдерінде шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізіледі. Бүгінде өңделген 260 мың гектардан басқа, өңірде 50 мың гектардан астам таралу учаскелері анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкіметтің мәлімдеуінше, қосымша өңдеу шаралары Түркістан облысының Арыс қаласында, Сарыағаш, Келес, Ордабасы және Шардара аудандарында жүргізіледі.

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында шегіртке дернәсілдері көбейе бастады. Өңдеуге арналған техника дайын. Жалпы облыста 76 бірлік техниканы пайдалана отырып, өңірдің 12 ауданында 281 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді. Шегірткенің пайда болу орындарын тексеру және анықтау үшін 600-ге жуық адам тартылды. Олар фитосанитариялық инспекция, әкімдік қызметкерлері және уақытша қызметкерлер. Шегірткенің белсенді өсу кезеңінде жұмысты күшейту үшін әкімдікке тағы 14 бірлік техника қажет.

Қостанай облысының бес ауданында 29,4 мың га аумақта химиялық өңдеу жүргізілді. Дернәсілдердің көбею орындарына мониторинг жасау және анықтау үшін 129 тексеруші және 326 уақытша қызметкер тартылды. 72 бірлік техника әзір тұр. Шегірткеге қарсы күрес жұмыстары фермерлермен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Байланысты жаналықтар

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

13.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

24.04.2025
MalimBlocks
Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

Ақтөбеде алдына ем іздеп келген 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот басталды