Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Сұлу Бөлек

  • 13.05.2025

Мәскеудің Басман аудандық соты Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийді өшпенділік пен араздықты қоздырды деген айыппен сырттай алты жылға жалпы режимдегі колонияға қамау туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

 Бұл туралы ТАСС агенттігіне оның адвокаты Дмитрий Кирсанов айтты.

"Сот Врублевскийге үкім шығарды және оны сырттай алты жылға жалпы режимдегі колонияға қамады", — деді адвокат.

Тараптардың пікірталасы кезінде прокурор дәл осындай жаза қолдануды сұраған.

Бұған дейін Мәскеу қалалық соты Петр Врублевскийге қатысты алғашқы үкімді жойып, істі қайта қарауға жіберген болатын. Ол кезде де Врублевский сырттай алты жылға бас бостандығынан айырылған еді.

2024 жылғы ақпанда Ресейдің қаржылық мониторинг қызметі (Росфинмониторинг) Врублевскийді террористер мен экстремистер тізіміне енгізген. Тергеу дерегі бойынша, 2022 жылғы тамызда ол қазақстандық блогер Диас Құзайыровқа берген сұхбатында "украин режимі мүмкіндігінше көп орысты өлтіруге тырысып жатыр" деген мәлімдеме жасаған. Осыдан кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Врублевский Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаевпен кездесіп, оның айтқан сөзіне байланысты наразылық білдірілген.

Сол кезде ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров украин саясаткерінің өз сөзі үшін Қазақстан СІМ-нен кешірім сұрағанын айтқан. Алайда ол елден шығарылмады, тек еңбек демалысына кеткен. Кейін Врублевский қызметінен босатылды.

Фото: vedomosti.ru

Байланысты жаналықтар

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Кремль Украинадағы соғысты тоқтату туралы талаптарды "ультиматум" деп атады

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

12.05.2025

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

11.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

Кремль Украинадағы соғысты тоқтату туралы талаптарды "ультиматум" деп атады

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек