Ұлытау облысында Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес құрылды

Кеңестің төрағасы болып Ербол Қайырбеков тағайындалды.

Сабина Асқарқызы

  • 07.04.2025

Ұлытау облысы Полиция департаментінде Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы күрес жөніндегі жаңа кеңестің алғашқы жұмыс отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Кеңес Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасына сәйкес әзірленген және Үкіметтің 2023 жылғы маусымдағы №508 қаулысымен бекітілген Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күреске арналған кешенді жоспарды (2023-2025 жж.) іске асыру мақсатында құрылды.

Кеңес құрамына Полиция департаменті, қоғамдық ұйымдардың, нашақорлықтың алдын алу саласындағы сарапшылар мен мамандар қосылды. Сонымен қатар оның құрамына белгілі блогерлер, спортшылар, журналистер, еріктілер және басқа да медиа тұлғалар, үкіметтік емес ұйымдар кіреді. Кеңестің негізгі мақсаты – өңірде нашақорлық пен есірткі қылмыстарының алдын алу, халық арасында, әсіресе жастар арасында заңға бағынатын мінез-құлық пен салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ азаматтарды есірткіге қарсы іс-қимылға тарту болып табылады.

Кеңестің төрағасы болып Ұлытау облысы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ербол Қайырбеков тағайындалды. Төрағаның орынбасарлары болып Ұлытау облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Оспанов және азаматтық қоғам өкілі Дастан Жақаев тағайындалды.

Кеңестің алғашқы отырысында алдағы жұмыс жоспарлары талқыланып, есірткі қылмысының алдын алу, нашақорлықпен күресу және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы міндеттер белгіленді. Кеңес мүшелері бұл бағытта түрлі мемлекеттік және қоғамдық институттармен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Фото: Ұлытау облысы Полиция департаменті

Байланысты жаналықтар

«Ештеңе күтудің қажеті жоқ». Жақында ғана тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан кеңес берді

07.04.2025

Ұлытау облысының Теректі стансасында жаңа мектеп ашылды

31.03.2025

Ұлытау облысындағы екі қалада медициналық мекемелердің базасы жаңартылды

29.03.2025

Киіктер қырылып жатыр: министрлік пікір білдірді

28.03.2025

Ұлытау облысындағы шахтада 31 жастағы жұмысшы мерт болды

19.03.2025

Петропавлда құрылысшы 20 метр биіктіктен құлады

12.03.2025
MalimBlocks
«Ештеңе күтудің қажеті жоқ». Жақында ғана тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан кеңес берді

Ол өз ісіңе адал болуға шақырды.

Ұлытау облысының Теректі стансасында жаңа мектеп ашылды

Ұлытау облысындағы екі қалада медициналық мекемелердің базасы жаңартылды

Киіктер қырылып жатыр: министрлік пікір білдірді

Желіде Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы киік ұшалары бейнеленген жазба тарап жатыр. Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді,

Ұлытау облысындағы шахтада 31 жастағы жұмысшы мерт болды

Петропавлда құрылысшы 20 метр биіктіктен құлады

Сотқа дейінгі тергеу басталды