457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Үш пәтер, қымбат көлік, 10 млн қалыңмал»: Аста-төк жасау елді дүрліктірді

Әлеуметтік желіде қыздың жасауын әкелген құдалардың видеосы қатты тарап жатыр. Қалыңдықтың төркін жағы жігіт жаққа үш бірдей пәтер мен Mercedes көлігін жасаудың бір бөлігі ретінде ұсынған,- деп хабарлайды Malim.kz Anyqtime.kz сайтына сілтеме жасап.


Бейнежазбада айтылғандай, пәтерлердің бірі Шымкенттен, екіншісі Алматыдан, үшіншісі құрылыс саласындағы ірі компания — BI Group-тен алынған.

Оған қоса, жиһазға толы үй жасауының алдында тұрған Mercedes көлігі де жұрт назарынан тыс қалмады. Ал қалыңмал ретінде қыз жағы 10 миллион теңге сұраған. Жігіт жағы бұл талапты қабыл алды:

– Құда-құдағи, әке күші, ана сүті, өлтірісі бар – барлығын қосқанда 10 миллион теңге қалыңмал береміз деді. 

Желі қолданушылары бұл салтанатты жасауға түрліше пікір білдіруде. Бірі әзілдеп: «Осы әулеттің тағы бір қызы бар ма екен, мама-ау?» десе, енді бірі: «Үш пәтер берген қыз келін болар ма екен?» деп шүбә келтіреді. «Енді мына байлықпен қыз тұрмысқа не үшін шығады?», «Бұл енді келін емес, жылжымайтын мүлікпен келген ханым», «Келін емес, толық комплектация» деп қалжыңдағандар да бар.

Бұл көрініс біреулерге таңданыс, енді біреуге ой салып жатыр. Ал мұндай аста-төк жасау дәстүр ме, әлде көрсеткіш пе, оны қоғамның өзі сараптап жатыр.

Фото: видеодан скрин