«Ұят тірлік». Үйлену тойда көрсетілген дәстүр желі қолданушыларының талқысына түсті

Асатудың жаңа түрі ме?

Сабина Асқарқызы

  • 28.05.2024

Tik Tok әлеуметтік желісінде үйлену тойындағы тағы бір ерекше дәстүр көрсетілді. Желі қолданушылары мұндайды бұрын-соңды көрмегенін айтып, наразы болып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Екі жастың үйлену тойында ақ көйлек киген келінді екі жеңгесі ортаға алып шығады. Осы кезде әулеттің үлкені орамал таққан әже қолындағы етін аузына қыстырып тұрады. Жаңа түскен келін сол етті үлкен енесінің аузынан тістеп алып жатыр. Одан кейін той иесі, жас келіннің енесі де ет тістеп, келіннің аузына тосады. Енесі мен келіні бір етті бөлісіп жегенін жаңа дәстүрге балап жатыр.

Желі қолданушылары тойдағы бұл әрекетті "шектен шығу" деп бағалап жатыр.

«Бұл қандай дәстүр?», «Бәрі ойына келгенін істеп жүр», «Тойда әртүрлі дәстүр шығарып жүреді екенсіңдер», «Мынау ұят тірлік», - деп пікір қалдырып жатыр желі қолданушылары.

Көпшілік ұят болмас үшін тойдың өзіндік жаңа ережелерін бекіту керегін атап өткен.

Фото: Видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

200 мыңнан 5 млн-ға дейін. Әншілердің тойдағы гонорары белгілі болды

09.05.2025

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

Жігер Ауыпбаевтың әйелінің бетін ашқан Нұрлан Еспанов таңданып қалды

30.04.2025
MalimBlocks
Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

Талғар ауданында атыс болды

200 мыңнан 5 млн-ға дейін. Әншілердің тойдағы гонорары белгілі болды

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

Жігер Ауыпбаевтың әйелінің бетін ашқан Нұрлан Еспанов таңданып қалды

Өнер иесі жақын достарын бейнебаянының тұсаукесеріне шақырған