Президент Қасым-Жомарт Тоқаев легионерлерді шектеуге шақырды

Орнына мықты шетелдік бапкерлерді тарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды

Malim Админ

  • 27.08.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесіп, жетістіктерімен құттықтады. Еліміздің әлемдік додадағы нәтижесін саралай келе, ол спорт саласындағы өзекті мәселелерге екпін түсірді.     


 Президент алдымен шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғаруға шақырды. Олардың орнына мықты шетелдік бапкерлерді тарту мүмкіндігін қарастырған жөн болады, деді ол.
– Кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін өз атлеттеріміздің жолын кеседі. Одан гөрі қазір бізде дамуы кенжелеп тұрған спорт түрлерінен мықты шетелдік бапкерлерді тарту мүмкіндігін қарастырған жөн. Легионер-спортшылардың жетістігі бүгін мерейіңді өсіргенмен, ертең абыройыңды асқақтатпайды. Бұл жерде кәсіби бапкерлік ықпал қажет. Ал оны біздің қазақ бапкерлері ғана қамтамасыз ете алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының сөзінше, қазір спорт мектептеріндегі бапкерлердің жартысына жуығының арнайы дәрежесі жоқ. Сондықтан кәсіби тұрғыдан шыңдау, жетілдіру жұмысына аса мән беру қажет. Осы бағытта Үкімет әкімдіктермен бірге нақты шаралар қабылдауға тиіс екенін айтты.
Президент спортшыларды төл таным-түсінігімізге сай тәрбиелеп, олардың бойына дәстүрлі құндылықтарды сіңіруге ерекше тоқталды.  
– Ұлттың жаны таза, санасы сау болуға тиіс. Спортшылар, ең алдымен, спортпен шұғылдануы керек, - деді ол.
Мемлекет басшысы спорт қауымдастықтары спортшыларды кәсіби тұрғыдан өсіре алмағандықтан, нағыз дарынды жастардың жолы ашылмай қалатынына да назар аударды.

- Тағы бір міндет – спорт қауымдастықтарының тиімділігін арттыру. Олардың көбі мықты спортшыларды іріктеп, кәсіби тұрғыдан өсірудің оңтайлы жолын таппай келеді. Соның салдарынан нағыз дарынды жастар көзге ілінбей, жолы ашылмай қалады. Сондықтан, ел ішіндегі түрлі жарыстарда әділдік болуын қамтамасыз ету керек. Спортшыларды іріктеу жұмыстары барынша ашық жүргізілуге тиіс, - дейді Президент.  

Фото: Aqorda.kz 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды