Утильалым бойынша отырысқа Санжар Боқаев келмей қойды

Арман Қайыпхан

  • 06.06.2024

Утиль алымы туралы петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобының отырысы оның бастамашыларының қатысудан бас тартуына байланысты өтпеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысы өтуі тиіс болатын.

Оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасарлары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Сонымен қатар, Жұмыс тобының құрамына қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қауымдастығының, өнеркәсіп саласының өкілдері, сондай-ақ утиль алымын жоюды жақтаушылар С.Боқаев, Е.Кулбасов, Д.Макешов, Д.Салыков және басқа да азаматтар қосылды.

Министрлік барлық мүдделі тараптарды шақырып, жұмыс тобының отырысын өткізу үшін қажетті ұйымдастырылған шараларды әзірлеп, жұмыс отырысының түсірілімі және отырыстың хаттамасын қамтамасыз етті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ғимараты – стратегиялық нысанның бару регламентінде келушілер ұялы телефондарын өзімен бірге ала алмайтыны және оны кіре берісте қалдыруы көзделгенін айта кеткен жөн.

Алайда, өтініштің бастамашысы С.Боқаев және оның өкілдері регламент талаптарын орындаудан және Жұмыс тобының отырысына қатысудан бас тартты.

Осыған байланысты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне байланысты емес себептер кесірінен отырысты өткізуді тоқтатуға тура келді.

«Отырысқа қатысу үшін Парламент депутаттары, өнеркәсіп вице-министрлері, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Өңірлерден қоғам белсенділері келді. Алайда, біз жоспарланған іс-шараны тоқтатуға мәжбүр болдық, өйткені петицияның бастамашысы оған қатысудан бас тартып, Министрліктің оған Жұмыс тобының отырысы аяқталғаннан кейін бейнежазбаны ұсынуына келіспеді», ― деді ҚР ӨҚМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Министрлік алдағы уақытта конструктивті диалогты күтетіндерін атап өтті.

Фото: esquire.kz

Байланысты жаналықтар

Утиль алымы өзгере ме? 50 мың қолды бірінші болып жинаған петиция қаралды

13.06.2024

Утильалым – отандық өндірістің дамуына ықпал ететін маңызды құрал - сарапшы

29.05.2024

Шарлапаев утильалым мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтты

27.03.2024

Мұхтар Тайжан «Аспандау» қорынан баласының ақша алғанын мойындады

20.02.2023

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

30.01.2023

Саяси партия құрмақ С.Боқаевтың ұраны- НЕТ УТИЛЬСБОРУ!

14.12.2021
MalimBlocks
Утиль алымы өзгере ме? 50 мың қолды бірінші болып жинаған петиция қаралды

Утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтті 

Утильалым – отандық өндірістің дамуына ықпал ететін маңызды құрал - сарапшы

Аналитика және экономика саласындағы сарапшы Қанат Оспанов еліміздегі утильалымға қатысты пікір білдірді

Шарлапаев утильалым мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтты

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздегі утиль алым мөлшерлемесін төмендетуге неліктен қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Мұхтар Тайжан «Аспандау» қорынан баласының ақша алғанын мойындады

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

Сонымен сайлауға үміткерді тіркеу басталып кетті! Ал мен күткен қандастар үнсіз («Республика» партиясының жетекшісінің бірі Сырымбет Тауды есепке алмаймын).

Саяси партия құрмақ С.Боқаевтың ұраны- НЕТ УТИЛЬСБОРУ!

«Авто қалдықтарды жою төлеміне қарсымыз» деген бір топ бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді.  Қабақтары қатулы топтың сөздері де қатқыл шыққандай болды.