Утильалым – отандық өндірістің дамуына ықпал ететін маңызды құрал - сарапшы

Аналитика және экономика саласындағы сарапшы Қанат Оспанов еліміздегі утильалымға қатысты пікір білдірді

Арман Қайыпхан

  • 29.05.2024

Аналитика және экономика саласындағы сарапшы Қанат Оспанов еліміздегі утильалымға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Соңғы кезде утильалым мәселесі қайтадан өзекті бола бастады. Жалпы бұл мәселе бойынша әртүрлі көзқарас бар. Мәселен автомобиль өнеркәсібіне маманданған «СемАЗ» зауытының қызметкерлері Қазақстан үкіметіне үндеу жолдапты. Олар еліміздегі отандық өндірісті қорғауға және дамытуға шақырды. Жұмысшылардың айтуынша, утильалымды алып тастаудың салдарынан олар жұмыссыз қалып қоймай, көлік жасау саласымен қатар өсу мүмкіндігінен де айыруы мүмкін. Сөйтіп олар басқа табыс көзін іздеуге немесе шетелге жұмыс істеуге кетуге мәжбүр болатынын баса айтты, - дейді сарапшы. 

Қанат Оспановтың айтуынша, бұл мәселе олардың қаржылық жағдайы мен жалпы болашақ өміріне қатты әсер етіп жатыр. Сондай-ақ ол «Халық табысының өсуі және өнеркәсіпті дамыту үшін» атты петиция пайда болғанын айтты. 

Утильалым – отандық өндірістің дамуына ықпал ететін маңызды құрал. Дегенмен бұл төлемнің әділ болуы өте маңызды. Әрине ішкі нарықты қорғау да басты рөл атқарады. Ішкі нарықты импорттық үстемдіктен қорғау және отандық өндірушілерді ынталандыру қажет. Отандық өндірістің белсенді дамуы – елдің экономикалық тұрақтылығы мен өркендеуіне қол жеткізудің негізгі факторы. Елде сапалы өндіріс орныққан кезде бұл экономика мен қоғамдағы көптеген оң өзгерістерге негіз жасайды. Өзіміздің өндірісіміздің басқа біреуді қайта сатудан артықшылығы оның ұзақ мерзімді даму мен тұрақтылық қабілетінде екенін атап өткен жөн, - дейді экономист.

Оның сөзінше, Қазақстан өндіріс базасын жаңарту мен кеңейтуге, қолайлы инвестициялық орта құруға және мықты инженерлерді тәрбиелеуге күш салу қажет.

Айта кетейік, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздегі утильалым мөлшерлемесін төмендетуге неліктен қарсы екенін айтқан еді.

Сондай-ақ ол утильалымға қарсыларды шетелден көлік әкеліп сататындар деп атады.

Фото: sn.kz

Байланысты жаналықтар

Ермек Тұрсынов елден неге кетті? Депутаттар пікір білдірді

19.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Министр баяндама жасап жатқанда еgov.kz порталы істен шықты

01.04.2025

"Басылып кеткен шығар". Министр әкім сыналған постқа неге лайк басқанын түсіндірді

20.03.2025
MalimBlocks
Ермек Тұрсынов елден неге кетті? Депутаттар пікір білдірді

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Министр баяндама жасап жатқанда еgov.kz порталы істен шықты

еgov.kz порталының ішінде 1-сыныпқа балаларды қабылдау қызметі жойылып кетті. Цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин ақауға қатысты пікір білдірді

"Басылып кеткен шығар". Министр әкім сыналған постқа неге лайк басқанын түсіндірді

Нұржан Нұржігітов неге әлеуметтік желіде Ербол Қарашөкеевті сыналған постқа лайк басқан?