457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Хакерлер мұғалімдердің жалақысы туралы деректерді ұрлады

Бас прокуратура азаматтарға жаңа киберқауіп туралы ескертті.


Шетелдік дереккөздерге сәйкес (Microsoft Security Blog, Dzen.ru, SecurityLab.ru, CISOclub.ru), бірқатар кибершабуылдар нәтижесінде АҚШ-тың 25 оқу орнында 6000-нан астам мұғалім зардап шеккен.

Интернет-алаяқтар төлем деректемелеріне қол жеткізіп, оларды өздерінің банк шоттарына аудару арқылы ақша ұрлаған.

Мамандардың айтуынша, алаяқтықтың бұл түрі басқа елдерге, соның ішінде Қазақстанға да бейімделуі мүмкін.

- Осыған байланысты бақылаушы органның комитеті азаматтарға киберқылмыскерлердің құрбаны болмау үшін төмендегі ережелерді сақтауға кеңес береді:

күмән тудыратын хаттар мен сілтемелерді ашпау;

электрондық хаттардың тіркемелерін жүктемеу;

күрделі құпиясөздер мен екі факторлы аутентификацияны пайдалану.

Сіздің ең жақсы қорғанышыңыз – қырағылық және кибергигиена!» – деп атап өтті ведомстводан.

Фото: freepik