«Роза Рымбаеваның концертінен басталған дау». Маңғыстаулық мұғалімдер мектеп директорынан қысым көрген

Мұғалімдер директорды жұмыстан шығаруды талап етіп отыр.

Сабина Асқарқызы

  • 23.05.2024

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы №10 мектептің мұғалімдері үндеу жасады. Олар Роза Рымбаеваның концертіне баруға мәжбүрлеген мектеп директорынан қысым көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы №10 мектеп директоры мұғалімдерге қысым көрсетіп, лауазымдық қызметін асыра пайдаланған. Осылай деген мұғалімдер аудандық білім бөліміне шағымданған.

 Біз мектеп басшысының қысымына қатысты ұжымдық шағым жазып, аудандық білім бөлімінің басшысына уәжімізді айтқан болатынбыз. Алайда әлі күнге дейін нақты жауап ала алмай отырмыз. Ұжымдық шағымымызды қанағаттандырмай, бейнеүндеу жолдауға мәжбүр болып отырмыз. Мектеп басшысы қызметінен босатылуын талап етеміз, - дейді бейнеүндеу жасаған мұғалімдер.

Ал мектеп басшысының айтуынша, мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімдерге ешқандай қысым болмаған.

Мен конкурс бойынша, №57 бұйрықпен Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы №10 мектептің басшысы ретінде тағайындалдым. Тағайындалған күннен бастап лауазымымды ақ адал атқарып жүрмін. Мектеп мұғалімдерінің жеке іс-қағаздарын тексеру барысында бұрын арнаулы орта білімді мұғалімдерге жоғары білім деңгейі бойынша жалақы төленіп келгенін білдім, - дейді мектеп директоры Күмісай Қансұлтанқызы.

Одан бөлек мұғалімдер мектеп директоры «концертке билет алуға міндеттеді» деп арызданып отыр. Күмісай Қансұлтанқызы болса билет сатып алуға міндеттемегенін айтады.

Наурыз мерекесі қарсаңында өлкемізге халық әншісі Роза Рымбаева келді. Әншінің аудандарды аралап берген концерті бойынша мұғалімдердің қатысуын сұрадым. Бұл – тегін концерт. Оған ешкімді қыстап, күштеп апарған жоқпын. Осындай жұмыстарды көре отырып, мұғалімдер қысым көргенін айтып жатыр. Мен ешқандай қысым көрсетіп отырғаным жоқ. Мен жай ғана білім ошағына қажет тиісті құжаттарды сұрап жүрмін. Мектеп мұғалімдері өз жұмысымды істеуге кедергі келтіріп жатыр, - деді мектеп директоры.

Фото: mangystaumedia.kz

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады

08.05.2025

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

07.05.2025

Тоқаев пен То Лам Димаштың өнерін тамашалады

06.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

Тоқаев пен То Лам Димаштың өнерін тамашалады

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған