Қазақстанда су тасқыны басталғалы 113 мың адам эвакуацияланды

9,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 2,4 млн қапшық және 1,2 млн астам тонна инертті материал төселді.

Malim Админ

  • 16.04.2024

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш елдегі су тасқыны бойынша жаңа деректерді баяндады, деп хабарлайды Malim.kz.

Су тасқыны басталғалы бері барлығы 113 867 адам, оның ішінде 39 943 бала құтқарылып, эвакуацияланды, 112 539 мал қауіпсіз жерге айдалды. Осы сағатта 15 125 адам өз үйлеріне оралды. 6 704 адам, оның ішінде 3 052 бала эвакуациялау пункттерінде жатыр.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 732 жеке тұрғын үй, 1 579 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалуда. 3 570 тұрғын үй мен 2 225 аула аумағынан судың бағыты бұрылды, - деді ол Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингіде.

Су тасқыны салдарын жою,су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. 9,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 2,4 млн қапшық және 1,2 млн астам тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 33 391 адам, 4 470 техника, 890 су сору құралы, 392 жүзу құралы, 18 әуе кемесі жұмылдырылған. ТЖМ психологтары жергілікті жерлерде және жедел желі телефондары арқылы азаматтарға шұғыл психологиялық көмек көрсетуді жалғастыруда. Жедел желіге түскен 1 816 қоңырау пысықталды.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады