«Жастар EQ» әлеуметтік жобасы қорытындыланды

Жоба аясында алдымен Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жастарға психологиялық көмек көрсетуге бағытталған бірыңғай дизайндағы «EQ mangystau_jastary» атауымен арнайы парақшалар ашылды

Malim Админ

  • 30.09.2024

Маңғыстау облысы Қазақстанның шалғай әрі салт-дәстүрді берік ұстанып, ар мен ұятқа сүйеніп көп мәселені ғылыми негізде қарай бермейтін өңір. Маңғыстау облыстық білім басқармасы негіздеген фактілер бойынша кәмелет жасына толмағанадар арасында 2023 жылы аяқталған 11 суицид тіркелсе, 6 факті аяқталмай тіркелген. Психоэмоционалдық тұрақсыздық салдарынан суицидтік мінез-құлық қаупіне көбірек ұшырайтындардың да жасы төмендегенін аңғаруға болады. Оны анықтау жұмыстары Юнисеф бағдарламасы аясында 8-сыныптан бастап қана жүргізіліп келеді.

Сарапшылар мәліметінше, бұл жасқа дейін көпшілік жасөпірімдер өз-өздеріне қол жұмсау әрекеттерін түрлі формада жасап көрген. Бұнымен қатар жастар арасында ойын құмарлық, лудомания, нашаға тәуелділік сияқты көптеген мәселелер бар. Бұл мәселелерді шешу үшін алдымен жастармен жұмыс жасайтын психолог мамандарды оқытудың маңыздылығы ескеріліп, Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Қолдау» орталығы «Жастар EQ» жобасын жүргізді. Жоба аясында алдымен Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жастарға психологиялық көмек көрсетуге бағытталған бірыңғай дизайндағы «EQ mangystau_jastary» атауымен арнайы парақшалар ашылды. Маңғыстау жастарына және өзге де өңірлердегі әлеуметтік желі қолданушыларына сапалы контент ұсынды. Арнайы парақшалар арқылы жастардың психологиялық сауатын арттыру, денсаулық, менталдық саулық туралы ақпараттарға қол жетімділігін ілгерілету, бірізді дизайн мен жаңашыл идеялар арқылы сапалы контент ұсынуды мақсат еткен болатын. Жоба аясында инстаграм мен тик –ток парақшасында 100 –дей контент жарияланды. 40 бейне ролик, республикалық біліті психолог, суицидолог, психотерапевт, психоаналитик, эксперттермен түрлі тақырыптарда 5 тікелей эфир жарияланды.

Психотерапевт Салима Сатылғанқызы, нлп психолог, имиджолог Күлмаш Елшібаева, психолог Лимана Құттыбекқызы сынды эксперттер әлеуметтік желідегі тікелей эфирде жастар сұрақтарына жауап берді. Жобаның ең негізгі әрі маңызды бөлігі арнайы іріктеуден өткен 20 психолог маманды 5 компоненттік оқыту болды. 5 компонентті қамтитын оқыту бағдарламасы эмоционалды интеллект, суицидология, прафайлинг, адам дағдарысы, ата-ана мен бала қарым-қатынасы тақырыптарына бағытталып, өңірге Халықаралық суицидологтар ассосиациясының мүшесі Сымбат Абдрахманова, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, НЛП психолог, имиджолог, профессор Күлмаш Елшібаева, «Ата-ана білметін қателіктер» кітабының авторы, балалар психологы Мөлдір Тоқжан, Орта Азияда тұңғыш Психоанализ негізін қалаушы, психоаналитик Анна Кудиярова арнайы шақыртылып, барлығы 45 сағаттық оқытудан өткізіп, білім, тәжірибелерімен бөлісті. Аталған семинар-тренингтер сериясынан кейін жастардың арасындағы әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алуға бағытталған «ағартушылар десанты» барлық елді мекенде кемінде жастарды қамту арқылы кездесулер сериясын ұйымдастырды. «Ағартушылар десанты» - бұл, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алуға бағытталған сала мамандарынан, психологтардан, қоғам белсенділері мен инфлюэнсерлерден, пікір көшбасшылары мен сарапшылардан тұратын ағарту керуені. Аталған «ағартушылар десанты» облыс көлеміндегі барлық аудан-қалаларды қамти отырып, 18-35 жас аралығындағы жастармен бетпе-бет жолығып, кездесулер сериясын өткізіп, жеке қабылдаулар жүргізді. Маңғыстау обылсы бойынша суицид, лудомания, ерте жүктілік жиі орын алатын Мұнайлы ауданында жоба аясында ағартушылар десантына психоаналитик Анна Кудиярова барып, аудан астарымен кездесіп, кездесу соңында ауданның балабқша, мектеп психологтарына шеберлік сағаты мен жеке терапиялық кездесу өткізді. Ал жоба аясында бес компоненттік оқытудан өткен Шамшетова Фариза аудан емханасында жас аналарға «Адам жанының дағдарысы» туралы тренинг өткізді. Сондай-ақ , Бейнеу ауданыныда аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып «Аманат» партиясының ғимаратында ауданның әр саладағы жастарына десанттық кездесулер өткізілді. Түпқараған ауданы, Маңғыстау аудандарында Жаңаөзен, Ақтау қалаларында да өңір жастарымен аталған жұмыстар жүргізілді.

Кездесулер мен тренингтер барысында көпшіліктің психологиялық ағарту жұмыстарын қажетсінетіндіктері айтылды. Оның барлығы пікірлерде де көрініс тапты.

Байланысты жаналықтар

Алматыда 19 жастағы қыз 9-қабаттан құлап көз жұмды

28.03.2025

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы өзіне қол салды

14.02.2025

Жамбыл облысы: Жас полицей өзін атып тастады

13.02.2025

Таразда әкімнің жауабына көңілі толмаған адам өзін өртемекші болды

24.01.2025

Астанада атқыштар клубында жас жігіт өз-өзін атып өлтірді

21.01.2025

Алматыда жасөспірім суицид жасады

20.01.2025
MalimBlocks
Алматыда 19 жастағы қыз 9-қабаттан құлап көз жұмды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы өзіне қол салды

Жамбыл облысы: Жас полицей өзін атып тастады

Таразда әкімнің жауабына көңілі толмаған адам өзін өртемекші болды

Астанада атқыштар клубында жас жігіт өз-өзін атып өлтірді

Алматыда жасөспірім суицид жасады