Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

Сабина Асқарқызы

  • 17.04.2025

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Қазақстанның жастары есірткінің жаңа түріне тап болды деп дабыл қақты, деп хабарлайды Malim.kz.

Есірткінің жаңа түрі ресми түрде есірткілер тізімінде болмаса да, оның әсері нашақорлықтың алғашқы сатысы болуы мүмкін. Азот тотығы медициналық процедураларда қолданылатын күшті заттардың тізіміне енгізілгеніне қарамастан, мейрамханаларда, барларда және түнгі клубтарда «күлкі тудыратын шариктер» деп аталып, танымал ойын-сауық құралына айналды. Медицина және наркология саласының мамандары азот тотығының адам ағзасына кері әсері бар екенін айтты, - дейді депутат.

Белгілі болғандай, медицина және наркология саласының мамандары азот тотығының адам ағзасына кері әсері бар екенін айтқан.

Атап айтқанда:

Неврологиялық зақым, яғни, азот тотығын ұзақ уақыт бойы қолдану B12 дәруменінің тапшылығын тудырып, жүйке жүйесінің бұзылуына, аяқ-қолдың жансыздануына, сондай-ақ қозғалыс қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Оттегі жетіспеушілігі (гипоксия). Бұл зат жоғары дозада пайдаланылған жағдайда тыныс алудың бұзылуына, естен тануға және өлімге дейін әкелуі мүмкін.

Психикалық денсаулыққа әсері. Жастар арасында оның жиі қолданылуы депрессияға, үрей (тревога) сезіміне, есте сақтау қабілетінің әлсіреуіне және ақыл-ой дамуының тежелуіне себеп болуы мүмкін.

Жүрек-қантамыр жүйесіне әсері. Азот тотығын қолдану жүрек ырғағының бұзылуына, қан қысымының күрт өзгеруіне және жүрек ауруларына әкелуі ықтимал.

Тәуелділік қаупі. Бұл зат есірткі секілді психологиялық тәуелділік тудырады және жастар арасында оның қолжетімділігі қауіпті деңгейге жетуде.

Соңғы бір жылдың ішінде елімізде «күлкі тудыратын шариктерден» кейін есін жоғалтқан, ауыр жарақат алған және жол-көлік оқиғаларына түскен жастардың саны өсіп келеді. Елімізде бұл газдың заңсыз айналымы үшін нақты қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған. Мәселен, Ұлыбритания – 2023 жылы азот тотығын есірткі заттары қатарына қосып, заңсыз сатқандарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын бекітті. Нидерланды болса, бұл газды көңіл көтеру мақсатында пайдалануға толық тыйым салды. Көршілес Ресей мемлекеті 2021 жылы бұл заттың заңсыз айналымына тосқауыл қойды, - деді депутат.

Сонымен қоса ол Қылмыстық кодекстің қолданыстағы нормалары, атап айтқанда, 310-бап «Дәрілік заттарды немесе басқа да құралдарды пайдалана отырып, мас болу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау» есірткі құралдары мен психотроптық заттарға жатпайтын, бірақ тиісті дәрежеде жұмыс істемейтін заттарды пайдалана отырып, осындай орындарды ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін жазаны көздейді деп отыр.

Осы бап бойынша санкцияларға 2000 АЕК-ке дейінгі айыппұл (шамамен 8 миллион теңге) немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жатады.

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты