457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жастар жасыл желектерге күтім жасауды үйренді

Бүгін Ақтөбе орман шаруашылығының Елек орманшылығы аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Жасыл Ел» жасағы сарбаздарына арналған жасыл желектерге күтім жасау бойынша практикалық шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – көгалдандыру, абаттандыру және қаланың жасыл аймақтарына күтім жасау саласында жастардың практикалық дағдыларын дамыту болды. Сонымен қатар, жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру, олардың экологиялық көзқарасын кеңейту және туған өлкенің экологиялық келбетін жақсарту ісіне белсенді қатысуын қамтамасыз етуге баса назар аударылды.

Шара барысында қатысушылар тәжірибелі мамандардан ағаштар мен бұталарды дұрыс қию, суару, зиянкестермен күресу және жас көшеттерге күтім жасау жөнінде кеңестер алды. Сондай-ақ, урбанизация жағдайында биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.

Практикалық шеберлік сабағының қорытындысы бойынша жасыл желектерге күтім жасауға ерекше белсенділік пен қызығушылық танытқан үздік қатысушылар атап өтілді.

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі