«Жеу керек деп айтқан жоқпын»: Вице-премьер «шегіртке – халал ас» деген мәлімдемесін түсіндірді

Серік Жұманғарин бұл бағытта қауесетті тоқтатып, бұрмалауды доғарған жөн екенін айтты.

Берік Дәулетов

  • 13.06.2024

Вице-премьер Серік Жұманғарин өзінің осыған дейін айтқан «шегіртке — халал ас» деген сөзін түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бізде әлеуметтік әрі саяси өмір өте қарқынды. Сондықтан кейде көңіл көтеру үшін осындай сөздерді айтып қаламын. Бірақ шегірткені жеу керек деп ешқашан айтқан емеспін. Әңгіме барысында бұл халал өнім екенін ғана айттым. Сондықтан бұл бағытта қауесетті тоқтатып, бұрмалауды доғарған жөн, - деді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол жауапты мемлекеттік қызметкер екенін және ешқашан ел азаматтарына шегіртке жеуді ұсынбайтынын мәлімдеді.

Оның үстіне, елімізде азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.

Еске салсақ, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары "шегіртке – халал өнім" деп мәлімдеген болатын.

Фото: BAQ.KZ

Байланысты жаналықтар

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

13.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

27.04.2025

Кабулда Қазақстанның сауда үйі ашылуы мүмкін

22.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Министр баяндама жасап жатқанда еgov.kz порталы істен шықты

01.04.2025
MalimBlocks
Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

Кабулда Қазақстанның сауда үйі ашылуы мүмкін

Көмекті тапсыру рәсімі премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Кабулға сапары барысында өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Министр баяндама жасап жатқанда еgov.kz порталы істен шықты

еgov.kz порталының ішінде 1-сыныпқа балаларды қабылдау қызметі жойылып кетті. Цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин ақауға қатысты пікір білдірді