Жезқазғанда айтыскер-шенеулік 6 жылға сотталды

Арман Қайыпхан

  • 28.02.2025

Ұлытау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омарға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жезқазған қалалық соты облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омарға және оның қарамағындағы – тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Сарбаеваға, "Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы" КМҚК басшысы Г. Жолашароваға және "Тілдерді дамыту ресурстық орталығы" КММ басшысы Ж. Оспановаға, жеке компанияның өкілі О. Талғатқа қатысты үкім шығарды.

Олар Жезқазған қаласында 3,9 миллион теңге сомасына мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде қосымша келісім жасасу арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Омар 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал қылмыстық істің қатысушыларына 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сонымен қатар сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін, Әнуар Омар сыбайлас жемқорлық үшін екі рет сотталған. 2024 жылдың наурыз айында сот оны Ұлытау өңіріндегі көне қорымдарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу туралы актілерге қол қойғаны үшін 2 миллион теңге пара алды деп айыптаған.

Онымен бірге Тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының басшысы да сотталды. 2024 жылдың тамыз айында Омар 2,3 миллион теңге жымқырғаны үшін тағы да сотталды. Ол ғылыми мақалалар жинақтарын басып шығаруға бюджет қаражатын заңсыз аударған. Ақырында ол ешқайда жарияланбаған.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды