Журналист Мағауинмен болған сұқбаттың жалғасын 1 жылдан кейін жариялады

Арман Қайыпхан

  • 14.01.2025

Журналист Ая Өміртай өзінің әйгілі жазушы Мұхтар Мағауиннен алған сұқбатының жалғасын жария етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Құрметті оқырман, “Халық Үні” редакциясының тура 1 жыл бұрын Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің сұқбатын ұсынғаны өздеріңізге мәлім. Ал сұқбат жалғасын жариялауға белгісіз себептермен рұқсат берілмей келген-ді. Естуімше “Халық Үні” редакциясы қазір жұмысын тоқтатқан. Редакцияның бұрынғы басшылығына сұқбатты жариялайтындығым жөнінде өтініш айтқаныммен, толыққанды жауап ала алмадым. Сондықтан қазақ руханиятына бар ғұмырын арнаған Мұхтар атамыздың соңғы сұқбаты қалың оқырман үшін қымбат болғандықтан жарияламасыма болмады, дейді журналист. 

Оның айтуынша, жазушының әңгімесі 2023 жылы Түркиядағы үйінде жазылып алынды. Кей тұсында таспаға жазып алынған сәттер де пайдаланған. 

Тағы бір ескерер жайт, мен сұқбатқа жалғыз өзім, бар білгеніммен бардым. “Сұқбатқа бара жатыр едім” деп мен хабарласқан бір де бір адам (әлде маман) осылай сұрасаң дұрыс болады деп кеңес, не жанынан сұрақ қосқан жоқ. Қосқысы келмеді. Миллиондап қаржы алып отырған ұлттық арналардың атқаратын жұмысы кішкентай кеңседегі жекелеген мен сияқты адамның энтузиазмымен іске асырылды. Ақ-көк деп маған ренжімеңдер. Екі сұқбаттың да жарыққа шығу жолында қандай бөгесін, қандай кедергі болғанын алдар бір айтармын, деді ол. 

Айта кетейік, Ая Өміртай осыдан біраз уақыт брын Түркияға барып, сонда тұрып жатқан әйгілі жазушы Мұхтар Мағауиннен арнайы сұқбат алған болатын. Сұқбаттың алғашқы бөлімі қоғамда қызу талқыға түскен еді. Сол кезде сұқбаттың екінші бөлігі де жарыққа шығуы керек болса да, жарияланбаған болатын. 

Өздеріңізге мәлім, қазір мен Halyq Uni агенттігінде жұмыс істемеймін, шілдеден бастап жұмыстан босатылғанмын. Жұмыстан кетер кезде басшылық бұл сұқбаттың екінші бөлімі редакция меншігінде қалатындығын және жариялауға болмайтындығын ескерткен еді. Сондықтан барлық сұрақты Halyq Uni ақпараттық порталына иелік ететін “Халық Үні” медиа холдингіне жолдай аласыздар! Рақмет, деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сұқбатты толық мына жерден көруге болады. 

Фото: Juzmedia 

Байланысты жаналықтар

«Қазақ қыздары үшін»: Дина Төлепберген сайлауға түсетінін мәлімдеді

15.04.2025

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

14.04.2025

Журналист Лұқпан Ахмедьяров босатылды

10.04.2025

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

10.04.2025

Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды

09.04.2025

Шәріп Серік қол көтергенге емес, балағаттағаны үшін сотталған – журналист

07.04.2025
MalimBlocks
«Қазақ қыздары үшін»: Дина Төлепберген сайлауға түсетінін мәлімдеді

Тележүргізуші ел күтпеген мәлімдеме жасады.

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

Журналист Нұргелді Әбдуғани Украинадағы Сумскі қаласына жасалған соққы туралы айтты

Журналист Лұқпан Ахмедьяров босатылды

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды

Қоғамдық-саяси "Время" газетінің бас редакторы, қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті

Шәріп Серік қол көтергенге емес, балағаттағаны үшін сотталған – журналист

Журналист Ильяс Канбай Шәріп Серікке қатысты үкімнің нақты мән-жайын жария етті