Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оралда полиция із-түссіз жоғалған үш баланы іздеп тапты

Қоғам
Оралда полиция із-түссіз жоғалған үш баланы іздеп тапты

Оралда қалалық полиция бөліміне кәмелетке толмаған үш баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Олардың ең кішісі небәрі 4 жаста екендігі белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

БҚО Полиция департаментінің барлық қызметі мен бөлімшесіне және шекаралас облыстарға дереу іздестіруге бағыт-бағдар берілген. Нәтижесінде полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестермен бірлесіп, жоғалған балаларды автобустардың бірінен тапқан.

Олар басқа аймақта тұратын әкесіне кетуге шешім қабылдаған. Қазір жоғалған балалар аналарына қайтарылды, деп жазды полиция департаменті.

Фото: БҚО ПД

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу