Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскеменде қала әкімі караокемен ән шырқап, жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

Мәдениет
Өскеменде қала әкімі караокемен ән шырқап, жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Конституция күніне орай караокемен ән айтып, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалада Республика алаңында Конституция және қала күніне арналған үлкен концерт өткен болатын. Шаһар басшысы сол концертте караокемен «МузАрт» тобының орындауында танылған «Сен келерсің бір күні» әнін орындап берген. Шенеуніктің мұндай ерекше қырын куәгерлер бейнебаянға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жатыр.

Салтанатты концерттен бөлек, алаңға жиылған жұртшылыққа спорттық шаралар, балаларға арналған түрлі қызықты бағдарламалар ұсынылған.

Сонымен бірге, қарбыз фестивалі ұйымдастырылып, өңірдің колөнер шеберлері де өз туындыларын көрмесін ұйымдастырған.
 

Фото: instagram/zhaksylyk_omar

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу