Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Өз іс-әрекеттеріңмен өздеріңді қатерге итермеңдер!”

Мәдениет
“Өз іс-әрекеттеріңмен өздеріңді қатерге итермеңдер!”

Белгілі дін ғалымы Қайрат Жолдыбайұлы карантин уақытында жаназаларға бармауға шақырды. «Қадірлі ағайын мына індеттің түрі жаман. Талай жанды арамыздан алып кетіп жатыр. Барынша сақ болыңыздар. Қайтыс болған кісілердің өте жақын туысы болмасаңыздар, жаназасына да, басқа да рәсімдеріне бармаңыздар. Бір таныс кісі Ақтөбедегі өлімге барып, сол жақтан індетті жұқтырып алған еді, бүгін қайтыс болды. Бір адамды жоқтаймыз деп, үйдегі үлкен кісілерге зиянымыз тиіп жүрмесін. Ауырсаңыздар барлықтарыңызға біздің медицина көмек көрсете алмайтынын көріп отырсыздар. Қарапайым дәрі-дәрмектің өзі тапшы. Емханаларда орын жоқ. “Пешенемізге жазылса ғана өлеміз” деп салғырттыққа, соқыр сенімге баруға болмайды. Жауапсыздығымызды тағдырға жаба салмайық. Алла сақтанғанды сақтайды. Құранның “өз іс-әрекеттеріңмен өздеріңді қатерге итермеңдер!” - деген ескертуін ұмытпаңыздар!
Ауырмаңыздар! Раббымызға мүнәжат жасап, дұға етейік!», – деп жазды фейсбук парақшасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу