Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

Саясат
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Күн тәртібіне сәйкес, Парламент Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауын тыңдауға кірісті. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды.

Бірлескен отырыста «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасы екінші оқылымда қаралады.

Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, Премьер-министр бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда қатысып жатыр. Сонымен қатар, ҚР Конституциялық соты мен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы бар.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу