Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар көшесіндегі төбелестің видеосы жарияланды

Құқық
Павлодар көшесіндегі төбелестің видеосы жарияланды

Павлодар көшелерінің бірінде түнде болған жас жігіттердің арасындағы төбелес видеоға түсіп қалған. Оны куәгерлер әлеуметтік желілерде жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Видеоға қарағанда, оқиғада шамамен он шақты адам жүр. Бірінде екі жігіт үшінші адамды ұрып-соғып, жерге құлатқаннан кейін, оны сол күйінде қалдырып кетеді. Сол кезде тағы екі адам қашып кетпек болған басқа біреуін ұрып жатады.

Екінші видеода бірнеше жігіт бір адамды ұрып жатады. Қасындағы тағы үш жігіт болса басқа біреуді теуіп жатыр.

Павлодар облысы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, оқиғаға жасөспірімдердің қатыспағанын мәлімдеді

Осы оқиғаға қатысқан барлық тұлға анықталып, полицияға жеткізілді. Олардың жасы 22-36 аралығында. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша әрқайсының әрекетіне құқықтық баға беріледі, деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.

Фото: видеодан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу