freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар облысында қос азаматтығы бар әйел айыппұл арқалады

Қоғам
Павлодар облысында қос азаматтығы бар әйел айыппұл арқалады
Фото: gov.kz

Павлодар облысында Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын үш жыл бойы жасырған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 735 250 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, әйел 2022 жылы Ресей азаматтығын алып, сол елдің төлқұжатын рәсімдеген. Алайда ол бұл туралы уәкілетті органдарға хабарламаған және Қазақстан Республикасының жеке басын куәландыратын құжаттарын пайдаланып жүрген.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, елде қос азаматтыққа жол берілмейді. Яғни, бір адам бір уақытта Қазақстанның және өзге мемлекеттің азаматы бола алмайды.

Павлодар облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартовтың айтуынша, биылғы алты айда өңірде 332 адам Қазақстан азаматтығынан шыққан. Оның 328-і өз еркімен басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы хабарлаған.

Сондай-ақ көші-қон қызметі басқа мемлекеттің азаматтығын алғанына қарамастан Қазақстанның жеке басын куәландыратын құжаттарын пайдаланған 12 адамды анықтаған. Бұдан бөлек, 18 азамат шетел азаматтығын алғаны туралы заңда белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция азаматтарға басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда бұл туралы Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен уақтылы хабарлау міндетті екенін еске салды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу