freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодарда заң талаптарын өрескел бұзған 47 адам колонияға жіберілді

Қоғам
Павлодарда заң талаптарын өрескел бұзған 47 адам колонияға жіберілді
Ашық дереккөзден

Павлодар қаласында пробациялық бақылауда жүрген 47 тұрғынға қатысты жаза шарасы қатаңдатылып, олар бас бостандығынан айыру орындарына жіберілд, деп хабарлайды Malim.kz irbis.tv-ге сілтеме жасап.

Павлодар облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробациялық бақылаудағы сотталған азаматтарға рейд жүргізген. Тексеру қорытындысы бойынша жеті павлодарлықтың бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айырумен ауыстырылған көрінеді. 

Жыл басынан бері пробация режимін бұзған 47 сотталғанға қатысты жаза шарасы өзгертілген екен. 

«Қаладағы және жалпы пробация қызметіндегі ең жиі кездесетін заңбұзушылықтар – тіркеуге келмеу және белгіленген кестені сақтамау. Түнгі уақытта сотталғандар үйінде болмайды, бірақ олар міндетті түрде үйде болуы тиіс. Осыдан кейін біз заңбұзушылық бойынша жұмыс жүргізіп, материалдарды сотқа жолдаймыз», - деді Павлодар қалалық пробация қызметінің басшысы Нұрлан Сейілбек.

Сонымен қатар тоғыз сотталған павлодарлықтың қайтадан қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны белгілі болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу