freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Полиция Данияр Елеусіновтің жол апаты мен ұсталған сәтін көрсетті

Қоғам
Полиция Данияр Елеусіновтің жол апаты мен ұсталған сәтін көрсетті
Фото: видеодан кадр

Астана қаласының Полиция департаменті белгілі қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының және оның ұсталған сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция мәліметінше, Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі бірнеше жол апатынан кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ол ұсталды.

Жарияланған кадрларда жол апаты болған орындар, жүргізушінің ұсталуы, медициналық куәландырудан өтуі және сот отырысы көрсетілген.

Құқық қорғау органдары жүргізушіге көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, жол-көлік оқиғасына себеп болғаны және оқиға орнын тастап кеткені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылғанын хабарлады.

Полиция мас күйінде көлік жүргізу мен жол апаты болған жерден қашып кету заңды өрескел бұзу екенін және мұндай әрекеттер жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірі мен қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретінін еске салды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу