Әкім Әбдіқалықова, сіз ханның қызысыз ба?

Абай Нұржанұлы

  • 16.07.2020

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тұрғыны облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға «жолдарды жаптырып жүретін ханның қызысыз ба?» деп ұрысып тастады. Тұрғын ауданда әкімнің еркін жүруі үшін ауруханаға апаратын көшедегі көліктерді бөгеп тастады деп наразылығын айтты. Ашуға мінген тұрғын мен әкім Әбдіқалыкованың диалогы әлеуметтік желіде тарап кетті.

-Больницаға келе жатыр деп маршрутты тоқтатып, жолды жауып тастады. Сіз әлде ханның қызысыз ба? Халықты қорлайсыздар. Келе салып әшейін кетесіздер,халықпен бірге емессіздер, - деді Жаңақорған кентінің тұрғына әкімге. 

Видеода облыс басшысы «мен жолды жаптырған жоқпын»- деп ақталып, көлігіне қарай асығып бара жатқаны көрінеді. Әлеуметтік желіге осы даулы көріністен бөлек  жалғыз полицейдің қоғамдық көлікті тоқтатып тұрған жазбасы да жүктелді. Онда тәртіп сақшысы автокөліктің алдына тұрып алып, көліктің жүруіне кедергі келтіріп тұрғаны байқалады. Бұған қатысты полиция департаменті қоғамдық көлікті себепсіз тоқтатты деп полиция бөліміне қатаң сөгіс беріпті. Ал  бүгін Жаңақорған ауданының ауруханасын көруге барған облыс әкімі, түстен кейін болған жағдайға қатысты желі арқылы жауап берді.

-Мен жолды жабуға тапсырма берген жоқпын. Аудан әкімі де жолды жабуға тапсырма берген жоқ. Ішкі істер бөлімінің басшысы да ондай тапсырма бермеген. Сол жердегі учаскелік полицияның тапсырмасы болса, cолардың іс-әрекеті болса, онда мен облыстық полиция департаментіне тапсырма бердім сол әрекеттің қаншалықты дұрыстығын білуге, - деп жазды Қызылорда облысының әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА.

[embed]https://youtu.be/N_DDznKcNYk[/embed]

 

Фото: novosti.az

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты