Алуа Жолдыбалина: Әкімді тікелей сайлауға халықтың 40 пайызы мүмкіндік алады  

  • 20.05.2021

Бүгін Сенат отырысында  сайлау заңдарына енетін өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Бұл заң жобасын қабылдауды президент өз жолдауында айтқан болатын. Мәжілісте мақұлданған заң жобасы енді сенат қарауынан өтіп, президент қолы қойылса, онда биыл 800 елді мекенде ауыл әкімі сайланбақ. Ауыл әкімін сайлау әр ауылдағы әкім мерзімінің аяқталуымен жүре береді. Жалпы, ауылдық елді мекендерде халықтың 40 пайызға жуығы тұрады. Ад әкім аппараты бар ауылдар саны 2 мыңнан асады екен.  

Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина ауыл әкімдерін сайлау жүйесі енгенде жергілікті жерлердегі басқару жүйесі құрылымында не өзгеретінін баспасөзге айтыпты. Сарапшының пікірінше, алдымен ауылды жерде жергілікті алқалық кеңес органы құрылады. Ол ауылдың әрбір тұрғыны үшін жергілікті маңызы бар маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайтын болады;

- ауылдық округ әкіміне кандидаттардың өзін-өзі ұсынады;

- ауылдық округ әкімдерінің кеңес алдындағы жауапкершілігі;

 - жергілікті қоғамдастық жиналысының немесе кеңестің әкім өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімге бастамашылық етеді.

 «Бұл жаңашылдықтар азаматтардың қоғамдастық жиналыс институттарына, кеңестеріне және сайланған әкімге өздерінің билік өкілеттіктерін беру арқылы жергілікті мәселелерге тікеле араласуына мүмкіндік береді. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, әкімшілік және фискалдық орталықсыздандыру ауылдық аумақтардың коммуналдық меншігін дербес басқаруды жүзеге асыру, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын қолдау және жергілікті жерлерде азаматтық жауапкершіліктің өсуі үшін тиімді ұйымдық-экономикалық негіздердің біріне айналды», - депті сарапшы.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады