АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Үндістан сыртқы істер министрімен кездесті

Жексенбі күнгі сыртқы істер министрімен кездесуде Энтони Блинкен Украинада «Әділетті және орнықты бейбітшілік» орнауы керек екенін айтқан.

Malim Админ

  • 29.07.2024

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, кездесу Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің Украинаға жоспарланған ресми сапары қарсаңында өткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін аталған сапар туралы бірқатар үндістандық БАҚ ақпарат таратқан еді. Шамасы, Моди Украинаға тамыз айында барады.

Үндістанның үкіметбасы бұл елге Ресеймен соғыс басталған 2022 жылдан бері алғаш рет сапарламақ. Ал оған дейін ол Мәскеуде Владимир Путинмен жолықпақшы. Украина президенті Владимир Зеленскийдің Модидің Мәскеуге баруына көңілі толмайды.

Батыс мемлекеттері Украинаға басқыншылық жасағаны үшін Мәскеуге қарсы санкциялар салып жатқанда, Ресеймен достық рәуіштегі Қытай мен Үндістан Мәскеумен сауда-саттықты жалғастыра берген еді. 

Блинкен мен Джайшанкардың әлеуметтік желідегі парақшаларында кездесу жайы айтылғанымен, Украинаға қатысты ақпарат жоқ.

Үндістан Ресейдің Украинаға соғыс ашуын тікелей айыптамай, екі елді конфликті диалог пен дипломатия негізінде шешуді ұсынады. Нью-Дели Үндістанның Ресеймен байланысын үзуіне қатысты Батыстың қысымына қарсылық ретінде Мәскеумен ежелден келе жатқан достығын алға тартады. 

Соңғы уақытта ресми Вашингтонның Делимен қарым-қатынасын жақсартуға ұмтылып жүргені байқалады. Өйткені Үндістанға күшейіп келе жатқан Қытайға қарсы тұра алатын ел ретінде қарайды. Дегенмен АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, кездесу барысында Үндістанның Ресеймен байланысына алаңдаушылық танытылған.  

Фото: REUTERS/Jonathan Ernst/Pool

Үндістан, 2023 жыл, 10 қараша.

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті