Ақтаулық педагогтар партияның білім саласындағы жоспарлы жұмысымен танысты

Malim Админ

  • 15.12.2020

Ақтау қаласының сайлауалды штаб мүшелері білім саласының қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді. Шарада "Nur Otan" партиясының  «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасы, ел дамуының алдағы 5 жылға арналған жоспары айтылды.

Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Осы орайда партияішілік іріктеу өткізіліп, барлық өлкенің мәселелеріне аналитика жасалып, сайлауалды бағдарлама құрастырылып, әр өңірге жеке-жеке тағайындалды.

Ақтау қаласының сайлауалды бағдарламасы 7 басым бағытының бірі - әлеуметтік бағытталған қала. Оның ішінде білім сапасын жақсарту, материалды-техникалық базаны нығайту жеке қаралған. Нақтырақ тоқталып өтсек, бағдарламада барлық деңгейде сапалы, заманауи білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – қаланы одан әрі дамыту үшін маңызды шарт болып табылатыны атап өтілген. ҰБТ-дан 100-ден жоғары балл жинаған оқушылар санын 10%-ға арттыру және мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамту.

Барлық деңгейдегі білім берудің қолжетімділігін арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін: Ақтау қаласында соңғы жылдары негізі қаланған жаңа шағынаудандарға 7 мектеп салу, мектептер жанынан балаларға арналған үйірмелер мен клубтар ашу, 2023 жылы халықаралық Абай атындағы мектебін және «EtonHouse» мектебін ашу, 2140 орынды 9 балабақша салу, орта білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңмен нығайту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру, басқа өңірлерден тартылған педагогтарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету, оқушыларды үйден қашықтық жүйесі бойынша оқытуды ұйымдастыру үшін мүжәлісіз отбасы балаларын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, 9 шағынауданда интернет желісін қосу, жалпы білім беретін мектептердегі кезекші сынып оқушыларын қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілеуіне және санитарлық нормалардың сақталуына ықпал етеді. Аталған шаралар білім беру саласында 11 мың оқушы мен 7,5 мыңнан  мұғалім үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Партия 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ын мектепке дейінгі біліммен қамтуды көздеп отыр. Білім беру саласында амбициялық, бірақ орындалатын міндеттер қойылған. Негізгі шаралардың бірі - педагогтардың жалақысын 2 есеге арттыру. Бұл білім саласы қызметкерлері үшін жағымды жаңалық болды. Жиын соңында қалалық сайлауалды штаб мүшелері барлығын партияға қолдау көрсетіп, сайлауға белсенді атсалысуға шақырды!

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Ақтау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Байланысты жаналықтар

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

13.01.2021

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

12.01.2021

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

11.01.2021

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

10.01.2021

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

04.01.2021

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған

04.01.2021
MalimBlocks
Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған