Асанәлі бастаған топ Арыстанбек Мұхамедиұлына араша сұрады

"Елдің қаржысына қол салатын арсыз қылық шықпайтынына қарт жүрегіміз сенімді» дейді олар.

Олжас Қасым

  • 05.08.2022

Мұхтар Шаханов, Асанәлі Әшімов, Төрегелді Шарманов, Бибігүл Төлегенова  тағы басқа мықтылар Арыстанбек Мұхамедиұлына араша сұрап отыр.   Orda.kz телеграм арнасында зиялылар қол қойған хат жарияланды.   


Олар  хатты Бас прокурор Б.Асылов пен Жоғары соттың төрағасы Ж.Асановқа жолдаған. Хат иелері экс-министр Мұхамедиұлына қатысты тергеудің әділ өтуін талап етуде. Араша сұраушылар Арыстанбек  министр болғанда қабылданған заңдар мен қолға алынған  жобаларға тоқталған.  Мысал ретінде «Кинематография туралы», Тарихи, мәдени мұраларды сақтау туралы» заңдарды атап өткен.  Хат жолдаушылар Назарбаевтың бастамасымен бекітілген «Домбыра күнін» «Арыстанбек Мұхамедиұлының тікелей қолтаңбасы» деп бағалапты.

Оқи отырыңыз: Арыстанбек пен баспасөз хатшысы неге өтірік айтады?

Мәдениет өкілдері антикордың тергеп-тексеру амалдарымен келіспейтін секілді. Олар шындықтың беті ашылып, жақсылықтың жылы таңы атсын деген үмітін де жасырып қалмады. «Мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірді» делінген музей басшысын «елдің рухани байлығын ойлаған адам» деп сипаттапты.   «Ұлтым, жұртым, өнерім деп ішкен асын жерге қойған азаматтан елдің қаржысына қол салатын арсыз қылық шықпайтынына қарт жүрегіміз сенімді» дейді олар.  Хат соңында араша сұраушылар «Арыстанбек Мұхамедиұлына  қарсы деректер дайындауға кейбір азаматтарды мәжбүрлеп, заңсыз әрекеттер қолданылып жатқанына» наразылық білдіреді делінген. Естеріңізде болса, 2016 жылы Арыстанбек пен Тұңғышбай арасында текетірес болғанда Асанәлі Әшімов Жаманқұлов жағына шыға қоймаған болатын. Ол Тұңғышбайдың экс-министрге тиіскенін ұнатпай, «бұл сұхбат өте ұятты болды» деп жекіп тастаған-ды.   

«Мұхамедиұлына қарсы деректер  дайындауға кейбір азаматтарды мәжбүрлеп» дегенде хат иелері кімді меңзеді екен?!  Актер Тұңғышбай Жаманқұлов «Арыстанбектің үстінен арыз түсірген мен» деп мәлімдегені белгілі. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша үш мәрте қылмыстық іс қозғаған.  Тіпті бір істің өзінен, антикор Ұлттық музейде жүргізілген жұмыстардың құны 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылғанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Антикор 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын ұстаған.  Қазір Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп  жатыр.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

14.07.2023

Мұғалімге ескерту.34 мың теңгеден артық алма, 7 млн айыппұл!

18.05.2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы тағайындалды

05.04.2023

Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары қамауға алынды 

24.01.2023

Бауыржан Байбектің кадрын антикор ұстады

23.01.2023

Ақмолалық ХҚКО-лар мүгедектерден заңсыз баж салығын алған

16.08.2022
MalimBlocks
Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

Қазақстанда 2022 жылы 1,7 мың сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 725 адам сотталған.

Мұғалімге ескерту.34 мың теңгеден артық алма, 7 млн айыппұл!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқушы, ата-анадан сыйлыққа ақша жинататын мұғалімдерді жауапкершілікке шақырып, ескерту жариялады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы тағайындалды

Бұған дейін агенттік төрағасының орынбасары болған

Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары қамауға алынды 

221 миллион теңге жымқырған

Бауыржан Байбектің кадрын антикор ұстады

Оның жеткізушіден 16 млн теңге алғаны туралы айтылған

Ақмолалық ХҚКО-лар мүгедектерден заңсыз баж салығын алған

Жеке куәліктер мен  паспорттар бергені үшін негізсіз салық салған