Арыстанбек пен баспасөз хатшысы неге өтірік айтады?

Арыстанбекке қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалған

Malim Админ

  • 29.05.2022

Баспасөз хатшысы Айдар Қырықбаев қанша рет жасырғанымен, шындық ашылды. Антикор Арыстанбектің ұсталғанын хабарлады. Сот  санкциясымен Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалған. Бұл жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қызмет Телеграм-арнасында мәлімдеді. 

Арыстанбектің анау-мынау емес, «Алтын адамға» ауыз салғаны рас секілді.  «Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді», деп жазды ведомство.

Аникор қазір тергеу жалғасып жатқанын айтып отыр. 

Алдыңгүні ғана  Мұхамедиұлы басқаратын ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметкері Қырықбаев бұл фейк ақпарат деп шаң жуытпаған еді. Ол  Арыстанбекке қатысты  сот мәліметін де ұсынған. Онда «Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты мамандандырылған тергеу сотына материал түскен жоқ, -деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Ботагөз Баянова. Осылайша, қазіргі уақытта экс-министрді тергеу изоляторына ауыстыруға негіз жоқ», деп жазылған. Ал сот қазіргі жағдай басқаша екенін жеткізіп отыр.       

Өткенде ғана Айдар Қырықбай  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің басшылық құрамына қатысты қылмыстық іс қозғады. Оған директордың орынбасарлары, бұрынғы директорлар және т.б. кіреді. "Алтын адамның" әлем музейлеріне шеруі" 2017 жылы басталды. Осы уақыт ішінде бірнеше директор мен орынбасар ауысты. Тексеріс болғанын жасырмаймыз», деген болатын.   Одан соң Арыстанбек  Мемлекет басшысы Тоқаевтың  атына хат жазып, судан таза, сүттен ақпын дегендей, араша сұрағаны мәлім. Кейін Арыстанбектің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат шығып, алайда Қырықбаев ол мәліметтің де шындыққа жанаспайтынын айтқан. Кейін Мұхамедиұлы   ауруханаға түсті дегенде де, баспасөз хатшысы «жалған» деп шыққанын білеміз. Тиісті органдар Музей басшылығын тергеп-тексеріп жатыр. Арыстанбекке қатысты шыққан ақпараттар да расталып келеді. Алайда, Арыстанбек пен оның баспасөз хатшысы неге өтірік айтады? 

Айбын Атабай 


 

 

Байланысты жаналықтар

Еліміздегі футбол клубтарын қолдауға 200 млрд теңге бөлінген - Антикор

14.11.2024

ТЖМ-ның жоғары лауазымды үш қызметкері сотталды

04.11.2024

Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел 10 жылға сотталды

28.10.2024

Антикор қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

04.10.2024

Антикор «Астана Банкінің» бұрынғы акционерін жауап алуға шақырып жатыр

25.09.2024

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды

21.09.2024
MalimBlocks
Еліміздегі футбол клубтарын қолдауға 200 млрд теңге бөлінген - Антикор

ТЖМ-ның жоғары лауазымды үш қызметкері сотталды

Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел 10 жылға сотталды

Антикор қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Антикор «Астана Банкінің» бұрынғы акционерін жауап алуға шақырып жатыр

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды

Жыл басынан бері 195 млрд теңге қайтарылған