Әскерде басшыға қарсы шыққандар сотталады

Бастыққа зорлық-зомбылық көрсеткендерге де дәл осындай жаза қолданылады

Malim Админ

  • 10.01.2023

Әскери қызмет кезінде басшыға қарсылық көрсеткен  немесе денсаулығына зақым келтіргендер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында жазылған. Құжат 23 қаңтарға дейін ашық талқыға шығарылады.  

Жаңа редакцияда «Бастыққа, сол сияқты өзiне жүктелген әскери қызмет мiндетін орындайтын өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы мiндеттердi бұзуға күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы мәжбүрлеу - 200 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 50 тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алуға жазаланады. Ал осындай әрекеттер арқылы басшының денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, онда кінәлі 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын арқалайды», - деп жазылған.

Сонымен қатар, жаңа өзгеріске сай, әскери қызметті атқару кезінде бастыққа зорлық-зомбылық көрсеткендерге де дәл осындай жаза қолданылады. Қазіргі заңнамада мұндай нормалар жоқ болатын. 

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды