Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып, көшелер жабылады
Мемлекеттік күзет қызметі ескерту жасады
Астанада 27-28 қарашадағы қаладағы қозғалыс жайында Мемлекеттік күзет қызметі ескерту жасады.
ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу және оған әзірлік аясында 27-28 қараша күндері елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады.
“Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз”, – деді ведомство.
Әзірлік шараларында ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және Қарулы Күштер ресурстарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген.
Фото: Қорғаныс министрлігі