«Бейбіт жиын туралы» заңның тағдыры мәжіліске қарап тұр

Malim Админ

  • 14.05.2020

Әлемдік бірқатар ұйымдар төтенше жағдай кезінде, жұрттың карантинде жатқанын пайдаланып, маңызды заң жобаларды талқыламауға шақырса да, райынан қайтпаған үкімет «Бейбіт жиын туралы» заң жобасын едел-жедел әзірлеп жіберіп, оны парламенттің қарауына ұсынған. Енді, парламенттің жоғарғы палатасы осы заңды екінші оқылымда қарап, бірқатар түзетулерімен мәжіліске қайтарды.

Шетелдік және қазақстандық сарапшылар, азаматтық белсенді қоғам өкілдері  тарапынан сынға ұшыраған бұл заң жобасына Сенат барлығы алты бапқа байланысты 16 ұсыныс жасап,оны депутаттардың барлығы қолдап шықты. Бас баяндамашы сенат депутаты, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетінің мүшесі Сәрсембай ЕҢСЕГЕНОВТІҢ айтуынша, «қоғамда кеңінен талқыға түскендіктен» осындай өзгертулер енгізіп отыр-мыс.

"Заң жобасын талқылау барысында бейбіт жиындар ұйымдастыру және оны өткізу үшін арнайы орындар белгілеу және олардың санына қатысты сұрақтар туындады. Ол қоғамда да кеңінен талқыға түскен. Мәселені қарап комитет астананың, респуликалық маңызы бар және облыс орталықтары болып есептелетін қалалар мен олардың құрамына кіретін аудандарда арнайы орындар міндетті түрде орталықта орналасуын және олардың саны үштен кем болмауы тиіс деген шешімге тоқтады", - деді ол.

Бұдан бөлек жаңа заң бойынша, митинг ұйымдастырушылар мен қатысушылар заң бұзса, олар жиынға қатыстырылмайды. Ал, олар заң бұзуды тоқтатса бейбіт жиын қайтадан жалғасады. Демек, бұған дейін жиынға шыққандарды жаппай көлікке топырлатып тиеумен аты шыққан Қазақстан полициясы бұл «қырағылығынан» жақын арада айнымайды деген сөз.

Айта кету керек, Мәжіліс заң жобасын сәуір айының басында мақұлдап, Сенатқа жолдаған. Сенат 30 сәуірде, бірінші оқылымда-ақ мақұлдаған. Енді, екінші оқылымда «бірқатар өзгерістер енгізіп», мәжіліске қайта жолдап отыр. Әдетте ел разы болмаған, шулы заңдарды осылай спектакал жасап, бір-біріне лақтырысып, уақыт созып келіп, ең соңында қабылдай салатын Парламент «Бейбіт жиын туралы» заң жобасын көпке созбай бекітетін түрі бар. Өйткені, мәжіліс сенаттың осы жолғы ескерулерімен келіссе, заң жобасы автоматты түрде қабылданып кетеді. Демек, карантиндегі жұрттың қарсыласуға мүмкіндігі жоқ кезде заң жобасын қабылдап жібермек деген сарапшылар болжамы расқа айналуы мүмкін.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Жасанды интеллекті қолданып жасаған туындының авторы кім болады?

14.05.2025

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

10.05.2025

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

08.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Жасанды интеллекті қолданып жасаған туындының авторы кім болады?

Бұл мәселеге қазір бүкіл әлем бас қатырып отыр

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

Қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қатаң санкциялар белгіленеді

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды