Бектенов отандық өндірушілерді қолдау мақсатында «Бәйтеректің» саясатын қайта қарауды тапсырды

Премьер-Министр төрағалығымен «Бәйтерек» директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Malim Админ

  • 29.02.2024

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста 2023 жылға арналған Инвестициялық саясат талаптарының орындалу барысы туралы ақпарат қаралды. Холдингтің еншілес ұйымдары экономиканың шикізаттық емес салаларының кәсіпорындарына жалпы сомасы 2,8 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетті, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 45%-ға артық. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жатпайтын 71 мыңнан астам компания мен ұйымға 2,5 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетілді. 2023 жылы АӨК саласын қаржыландырудың жалпы көлемі 665,2 млрд теңгені құрады. Холдингтің қолдау шараларының арқасында 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 3,8 трлн теңгенің өнімі шығарылды және қызметтер көрсетілді.

Есептерді тыңдаған Үкімет басшысы «Бәйтерек» сатыпалым ережелерін отандық тауарлардың үлесін түбегейлі арттыру жағына қарай қысқа мерзімде қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындар елішілік құндылықты үнемі арттырып отыруы керек.

«Біз «Бәйтерек» холдингі және басқа да даму институттары арқылы экономиканың белгілі бір кәсіпорындары мен салаларын қолдауға қомақты қаражат бөліп отырмыз. Сондықтан барлық іс-шара елішілік құндылықтың артуына ықпал етуі керек. Егер біз кәсіпкерге қолдау көрсетер болсақ, ол Қазақстанда қазір импорттап отырған тауарлардың өндірісін жолға қою, жұмыскерлердің еңбек өнімділігі мен жалақы деңгейін арттыру, қосалқы мердігерлер немесе жеткізушілер ретінде отандық кәсіпорындарды тарту сияқты қарсы міндеттемелерді де өзіне алуы тиіс», — деді Олжас Бектенов.

 

Премьер-Министр қазіргі уақытта Үкімет елішілік құндылықты арттыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі шаралар кешенін дайындап жатқанын айтты.

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді

23.05.2025

Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

23.05.2025

Тоқаев Зәкиеваға "Қазақстан балалары" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

23.05.2025

Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

23.05.2025

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

23.05.2025

Путиннің кеңесшісі: «КСРО ресми тараған жоқ»...

22.05.2025
MalimBlocks
Олжас Бектенов Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді

Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Тоқаев Зәкиеваға "Қазақстан балалары" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Путиннің кеңесшісі: «КСРО ресми тараған жоқ»...