Дариға Назарбаева Лондондағы сарайын сотта ақтап алды

Malim Админ

  • 09.04.2020

Сенат спикері Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиев Лондонда "шығу төркіні белгісіз ақшаға алынған үш жылжымайтын мүлікті" бұғаттау ісі жөніндегі сотта жеңді. Лондон жоғары соты құны 80 миллион фунт стерлингке жететін үш жылжымайтын мүлікті бұғаттау жөніндегі ордердің күшін жойды. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады.

"Сот технология саласындағы кәсіпкер Нұрәли Әлиев 23 жасында Manrick Private Foundation компаниясы арқылы Бишоп авенюдегі 23 миллион фунт тұратын үйді сатып алу үшін банктен заңды түрде несие алғанын анықтаған. Сондай-ақ сот Назарбаева ханымды Forbes журналы 2013 жылы Қазақстандағы ең бай әйел деп атағанын назарға алды. Сот құжаттарына сәйкес, Назарбаеваның Хайгейтте бір жылжымайтын мүлігі, ал Челси ауданында (Лондондағы ең ауқаттылар тұратын аудан) екі пәтері бар", - делінген хабарламада.

Бірақ Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі (SFO) соттың Назарбаева мен Әлиев бұл дүние мүлікті адал ақшаға сатып алды деген уәжімен келіспейді, агенттік сот шешімінің үстінен апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. "Біз бұл істі ары қарай қудалау үшін қолдағы барлық заңды тетікті пайдаланамыз", – деді Ұлыбританияның қылмыспен күрес агенттігінің бас директоры Грэм Биггар.

10 наурыз күні Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі Назарбаева мен Нұрәли Әлиевке тиесілі үш жылжымайтын мүлікті бұғаттап, уақытша тыйым салғаны жөнніде ақпарат тараған.

 

Байланысты жаналықтар

Ханзада Гарри әкесіне татуласуды ұсынды

04.05.2025

Сакураның фонында. Бергей Рысқалиевтің видеосы тарады

28.04.2025

Ғалым Германияны 2027 жылы соғысқа дайындалуға шақырды

21.04.2025

Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады

11.04.2025

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

01.04.2025

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

30.03.2025
MalimBlocks
Ханзада Гарри әкесіне татуласуды ұсынды

Сакураның фонында. Бергей Рысқалиевтің видеосы тарады

Ғалым Германияны 2027 жылы соғысқа дайындалуға шақырды

Бұл туралы ұлыбританиялық Корольдік біріккен қорғаныс зерттеулері институтының аға ғылыми қызметкері Эд Арнольд айтты

Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды