Депутат Назаров қызтекелер мен көгілдірлерге шүйлікті

"Қызыңыз еркекшорамен «отау құрып» жатса батаңызды бересіз бе?"

Malim Админ

  • 12.04.2023

«Жастар тәрбиесімен» айналысамын дейтін Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров депутаттық сауалын ЛГБТ-дан бастады. Шенеунік Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде біржыныстық неке, гомосексуализм, жынысты ауыстыру секілді мәселелер еркін насихатталып жатқанын айтты.  Ол бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке арнаған  сауалында мәлімдеді.

«Ең сорақысы, гей-пропоганда қазір Астана мен Алматы секілді ірі қалалардың жекеменшік мектептерінде де өте қарқынды насихатталып жатыр. Мұны сондағы оқушылардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан ашық аңғаруға болады»,-дейді ол.

Назаров  ЛГБТ жалауын жамылып жүргендерді тыймасақ, ертең бармақ шайнап қаламыз деген пікірде.

«Осындай азаматтарға айтарым: ертең сіздің ұлыңыз келіннің орнына еңгезердей қызтекені үйге ертіп келсе, немесе аялап өсірген қызыңыз еркекшорамен «отау құрып» жатса, толерантты болып батаңызды бересіз бе? Мұндай азғындық өз отбасыңызға келсе төзесіз бе? ЛГБТ идеологиясы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын тоз-тозын шығаруды көздейді деп білемін. Ал, дәстүрі мен руханиятынан айрылған ұлттың болашағы жоқ екені айдан анық. Ұлт құрыса – мемлекет құлайды»,- деді депутат.

Осыған байланысты Ардақ Назаров мына ұсыныстарды шұғыл назарға алуды сұрады.

«Митингке (авт. – Астанада өткен) келген балалардың ата-аналарынан сұрау алынсын. Барлық платформаларда, соның ішінде әлеуметтік желілерде ұлттық мәдениетімізге сәйкес келмейтін фильмдер мен сериалдарды көрсетуге және насихаттауға тыйым салынсын. Теріс ағымдарды насихаттайтын ақпарат көздерінен сақтайтын заң нормалары жасақталып, Парламентке қарастыруға енгізілсін. Республикадағы оқу орындарында ұлттық құндылықтарды, мәдениетті насихаттау сабақтары оқытылсын», - деп түйді депутат.  

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

30.04.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді