freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Азов теңізінде 15 кеме соққыға ұшырады – Украина Қарулы күштері

Әлем
Азов теңізінде 15 кеме соққыға ұшырады – Украина Қарулы күштері
t me nexta live

Украина Қарулы күштерінің Ұшқышсыз жүйелер күштерінің қолбасшысы Роберт Бровди («Мадяр») 13 шілдеге қараған түні Азов теңізінде 15 кемеге соққы жасалғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, зақымданған кемелердің қатарында жеті мұнай танкері, бес құрғақ жүк кемесі, бір паром және екі буксир бар.

Бровдидің мәліметінше, 6–13 шілде аралығында Украина әскері жалпы 105 түрлі кемеге нәтижелі соққы жасаған. Алайда бұл ақпарат тәуелсіз дереккөздер арқылы әзірге расталған жоқ. Ресей тарапы Бровдидің 105 кеме зақымданғаны туралы мәлімдемесіне әзірге түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін Украина Қарулы күштерінің Бас штабы шабуылға ұшыраған ресейлік танкерлер халықаралық санкцияларды айналып өтіп, мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау үшін пайдаланылатынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ паромдар Ресей армиясының мүддесіне сай әскери логистиканы қамтамасыз етіп, жүк тасымалында қолданылатыны айтылған.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Азов теңізіндегі кемелерге жасалған шабуылдардан кейін Ресей Азов–Дон теңіз каналы арқылы жүк тасымалын уақытша тоқтатқан. Бұл шешім Азов теңізі арқылы жүзеге асатын Ресейдің астық экспортының шамамен төрттен бір бөлігіне әсер етуі мүмкін. Алайда кеме қатынасының нақты қанша уақытқа тоқтатылғаны әзірге нақтыланбаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу