Депутаттыққа кандидат Аятжан Ахметжан шеттетілді

«Заңгерлермен бірігіп арыз дайындап жатырмыз»

Malim Админ

  • 04.03.2023

Мәслихат депутаттығына үміткер – педагог Аятжан Ахметжан кандидаттар тізімінен шеттетілді. Оған сайлау комиссиясы 3 наурыз күні хабарласып, үміткерлер қатарынан шығарылғанын жеткізген. Оның себебін Аятжан Ахметжан өзінің фейсбук парақшасында жазды.  

«Сайлау декларациясын e,-salyq қосымшасынан толтырып тапсырдым. Онда сұраған 4 сұрақ, шетелде мүлкі болуы, шетелде активтерінің болуы, жылжымайтын мүлік туралы. Оның ешбірі жоқ басымда, бәріне нақты жауап беріп 250 форманы алып бердім. Қалған дүниені толтыратын да, тексеретін де мемлекеттік кірістер туралы департамент. Олар бірдеңені көрсетпесе менің кінәм емес. Кредит, иә бір емес үш банкте кредитім бар. Ол жасырын дүние емес. Уақытында шама келгенше төлеп жатырмыз. Себебі, білім саласында көлемді жұмыс істесек деп, кредит алып, мектеп ашып жүрген қазақпын. Банктегі кредит қайдан тексерсе де ашық дүние ғой. Тіпті кандидаттардың біразында бар шығар менде ғана емес» дейді ол. 

Оқи отырыңыз: Сұлтан хан Жүсіп Мәжіліске кандидат болып қайта тіркелді   

Аятжан Ахметжан Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен келіспейтінін айтып отыр. «Сондықтан, заңгерлермен бірігіп арыз дайындап жатырмыз...  Соңына дейін күресу, басқа жол жоқ. Сондықтан, қазірге үгіт нәсихат тоқтатпаймын. Не бел кетеді, не белбеу кетеді» деп мәлімдеді.  

Әлеуметтік желіде мәслихат депутаттығына үміткер болған Ахметжанұлына қолдау білдіріп жатқандар аз емес. Солардың қатарында экс-Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов те бар.   «Менің ойымша, ол лайықты кандидат. Білім саласының білікті маманы ретінде Аятжан Ахметжанды жақсы білемін» деді ол.   

 

Байланысты жаналықтар

Депутат Назаров қызтекелер мен көгілдірлерге шүйлікті

12.04.2023

Депутат Назаров журналистерден тағы қашты

29.03.2023

Ринат Зайытов: «Мен Президентті қолдауым керек» деген сөз болмау керек

29.03.2023

Назаров састы, Берденов қашты. Су жаңа депутаттар мандат алып жатыр

28.03.2023

Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

09.02.2023

Мәжіліс пен мәслихат сайлауының өтетін күні мәлім болды

19.01.2023
MalimBlocks
Депутат Назаров қызтекелер мен көгілдірлерге шүйлікті

"Қызыңыз еркекшорамен «отау құрып» жатса батаңызды бересіз бе?"

Депутат Назаров журналистерден тағы қашты

Кешегі пікірін кеңірек түсіндіруді сұрады

Ринат Зайытов: «Мен Президентті қолдауым керек» деген сөз болмау керек

Су жаңа депутат уәде берді

Назаров састы, Берденов қашты. Су жаңа депутаттар мандат алып жатыр

Жастарды тәрбиелейміз дейді

Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

Елдегі ерінбегеннің бәрі депутат болудан дәмелі

Мәжіліс пен мәслихат сайлауының өтетін күні мәлім болды

Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы сайланады