Сұлтан Хан Жүсіп Мәжіліске кандидат болып қайта тіркелді 

Сайлау комиссиясы қателігін түзетті

Malim Админ

  • 02.03.2023

Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Жүсіп Парламент Мәжілісі депутаттығына қайтадан үміткер болып тіркелді.   24 ақпанда  оны Астанадағы № 1 аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттар қатарынан шығарып тастаған еді.  Оны Сұлтан Хан Жүсіп  «декларациямда өзім мен жарымның Астанадағы үлескерлік жолмен алған баспанамды «көрсетпеген» екенмін»,- деп түсіндірген болатын. 

Үміткердің айтуынша, Қаржы министрінің 2020 ж. 21 желтоқсандағы № 1227 бұйрығымен бекітілген 250 формалы декларацияда Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар шетелде баспана, банк есеп-шоты, автокөлігі және шетелдік акционерлік қоғамның жарғылық капиталында үлесі бар ма? - деген 4 сауалға ғана жауап беруге тиіс. Қалғандарын жергілікті Кіріс Департаменті тексеріп беруге міндетті.    «Демек мен басқа ештеңені көрсетуге міндетті емеспін. «Көрсетпеді» деген Департаменттің өз өтірігі»,-деп әлеуметтік желіге жазды  ол.

Сұлтан Хан Аққұлұлын кандидаттықтан алынып тасталуына байланысты қоғамдық пікір туып, азаматтар бұл әрекетті әділетсіздікке, бұра тартушылыққа балады. Олар азаматты үміткер ретінде қайта тіркеуді талап етті.

27 ақпан күні С.Жүсіп  декларацияны жіберген Департаментке барған.    «... өтірігін бұлтартпай дәлелдеп берген соң, кешкісін Астана қалалық және № 1 АСК төрағалары, тіпті әлгі Департаменттің өкілі менің конституциялық құқымды қалпына келтіргенін және енді сайлауалды науқанымды жалғастыруға болатынын хабарлады»,-деп мәлімдеді. 

Сұлтан Хан Жүсіп Парламент Мәжілісі депутаттығына қатысатын болды. 

Байланысты жаналықтар

Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

08.05.2025

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

07.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

06.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады

30.04.2025
MalimBlocks
Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады