Дерексіз мәліметтер арыз беруге негіз бола алмайды – Байбектің заңгері

Malim Админ

  • 02.06.2021

Әділдікті соттан іздеген «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен жеңісті соттан емес, ашық дебаттан тапқысы келетін саясаткер, журналист Жанболат Мамайдың соттағы дауы бір қарағанда тартысты, бір қарағанда түк қызықсыз өтіп жатыр. Мәселен, Бауыржан Байбек сотқа арызданған кезде Жанболат Мамай «Бауыржан Байбек: коррупционная бизнес-империя сына однокласника Назарбаева» атты хабарындағы барлық мәліметтерді көпшіліктің назарына жайып салып, соттың алдында  Б.Байбектің масқарасын шығарамын деген еді. Бірақ, бір емес бірнеше сот отырысы өтсе де, Ж.Мамай Б.Байбекке қатысты дайындап қойған «бомбасын» жармай отыр. Қызықсыз өтіп жатқаны осыдан. Әлде, әліптің соңын күтіп отыр ма?
Ал сот отырысында нақты фактімен ғана айтысқысы келетін Бауыржан Байбектің адвокаты Айжан Тәшенова оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың, оның жұбайы, журналист Инга Иманбайдың, олардың адвокаттарының «бос сөздерінен» шаршай бастағандай. 
 Дегенмен, қызық болсын деді ме, Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға жеңілірек болсын дегендей, олардың «абстрактілі ойларын сотта қарастырмайтынын» Facebook парақшасында жазып өтіпті. 
«Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның қалған барлық абстрактілі ойларын біз тіпті қарастырмаймыз да, өйткені оларды сотта қарау заң тұрғысынан мағынасыз, яғни талап-арызға негіз бола алмайды. Атап айтқанда, «Б.Байбек құқық қорғау органдарына, соттарға, Орталық сайлау комиссиясына және т.б. ықпал етеді» деген шындыққа мүлдем жанаспайтын ғажайып мүмкіндіктерге қатысты айтқан сөздерін бар болғаны Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның «қияли сандырағы» ғана деп бағалаймыз», - деді Бауыржан Байбектің адвокаты Тәшенова. 
Естеріңізге сала кетейік, Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдан хабарында айтқан жалған деректерді, атап айтсақ, «заңсыз шешімдер шығарды», «заңсыз ақша иеленді» деген сөздерін  терістеуді сұрап отыр. Тіпті, ар-намсын таптаған, іскерлік беделіне нұсқан келтірген Ж.Мамайды қылмыстық іспен қудаламайтынын, түрмеге қаматпайтынын, айыппұлға жықпайтынын да айтқан болатын. Тек, айтқан сөзін терістесе болды деген еді. 

«Ж.Мамай мен И.Иманбаева айыптауларының әсіре абсурд екенін атап өтемін! Елестетіп көріңізші, 1 млрд. АҚШ доллары – бұл шамамен 430 млрд. теңге, яғни Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары сияқты өңірлердің жылдық бюджеті! Жауапкерлердің үшінші тұлғалардың активтері туралы айтқандарына келсек, Б.Байбек 19 сәуірдегі сұхбатында нақты цифрлар мен фактілер келтіре отырып, оларды жария түрде жоққа шығарды», - деп жазды адвокат Тәшенова facebook.com әлеуметтік желісіндегі парақшасына. 
Соттың келесі отырысы алдағы жұма күні өтпек. Айтпақшы, Жанболат Мамай Facebook парақшасында «Байбектің соты тағы да былықты бастады. Ашық сот процесін өткіземіз деп журналистердің бір бөлігін ғана жасырын түрде арнайы залға жинап жатыр. Басқа журналистер қайда? Шетелдік елшіліктер ше? Өздері “карантинге” байланысты сотты онлайн жүргізеді де, журналистерді бір кабинетке жинайды. Сонда соттың өзі заң бұзып отыр деген сөз ғой? 
Олай болса, неге бәрімізді жинап, сотты залда өткізбейді? 
Заңды қорғаймыз деген соттың өзі оны белшеден басып отырғанының дәлелі емес пе?» деген жазба қалдырып, Әуезов аудандық №2 сотының тілшілерге жіберген шақырту хатының көшірмесін де беріпті.
Шақырту алған тілшілер арасында Malim.kz редакциясы да бар. Мұндай хат редакция қоржынына да келген. Тарқатып айтсақ, Б.Байбек пен Ж.Мамай арасындағы сот отырысын ашық жазуға о баста бізде ықыласты болғанбыз. Сол себепті сотқа қатысуға өтініш бергенбіз. Бірақ, сот басталған күні сот әкімшілігіндегі қызметкерлер біздің хатымызға жауап қатпай, қосылатын сілтемелерін бермей, онлайн сотқа қатыса алмай қалғаныз. Одан кейін шағым түсіргенбіз. Енді, міне, сол шағымнан кейін көптен күткен шақыртуды алып отырмыз. Ж.Мамай айтпақшы «бір бөлігін ғана жасырын түрде арнайы залға жинап жатқандарға» біздің тегі, еш қатысымыз жоқ.

Байланысты жаналықтар

«Балық басынан шіріп жатыр». Депутат Дайрабаев Бектеновке сауал жолдады

05.02.2025

USAID Қазақстанда қандай жобаларды қаржыландырады?

04.02.2025

Американың ұсынысына Украина қарсы емес

04.02.2025

Назарбаевтың Ресейдегі банкі бір жылда 11,3 млрд рубль пайда тапқан

04.02.2025

Кремль Трамптың Украинаның сирек кездесетін металдарына көмек беру туралы ұсынысын түсіндірді

04.02.2025

Трамптың сауда соғысы әлем экономикасына қауіп төндіруі мүмкін

04.02.2025
MalimBlocks
«Балық басынан шіріп жатыр». Депутат Дайрабаев Бектеновке сауал жолдады

USAID Қазақстанда қандай жобаларды қаржыландырады?

«АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) бірнеше онжылдықтар бойы салық төлеушілерге есеп бермей, миллиардтаған долларды бақылаусыз, күлкілі, көп жағдайда зиянды жобаларына жіберіп отырған», – деді Ақ үй өкілдері.

Американың ұсынысына Украина қарсы емес

Украина сирек жер қазба минералдарына, мысалы, литий, уран және титанға бай ел. Трамптың сирек жер қазба минералдарына деген қызығушылығы – Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұсынысын қабылдау, деп есептейді NYT.

Назарбаевтың Ресейдегі банкі бір жылда 11,3 млрд рубль пайда тапқан

Кремль Трамптың Украинаның сирек кездесетін металдарына көмек беру туралы ұсынысын түсіндірді

Трамптың сауда соғысы әлем экономикасына қауіп төндіруі мүмкін