Е.Қакенұлы: «Өжет Жеңісханның сотталуына мемлекет бекіткен адвокат кінәлі»

Жеңісхан Әкірамұлы «Менің ұлым террорист емес. Ешқандай ұйымға, басқа да қылмысқа қатысы жоқ» дейді.

Malim Админ

  • 23.02.2022


Қаңтар оқиғасына байланысты жаза арқалап, сотталған Өжет Жеңісханның туыстары Malim.kz редакциясына хабарласты. Олар балаларының сотталуына мемлекет бекіткен адвокатты кінәлап отыр. Жәбірленушілердің сөзінше, қорғауға аламын деп сендірген тұлға керісінше азаматтарды ұстап берген.  


              Жақында Қаңтар көтерілісіне байланысты алғашқы сот шешімі шығып, екі адам «қару ұрлаған» деген айыппен 5 жылға сотталды.  Олар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғындары Өжет Жеңісхан мен Бақыт Оңтай.

Сотталушы Бақыт Оңтайдың анасы Ақмарал Байсейітованың мәлімдеуінше, баласын 13 қаңтарда Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап әкеткен. Өжет Жеңісхан да сол күні полиция қолына түскен.   
Күдікті деп танылған азаматтарды тергеу екі апта  жүріп, қылмыстық іс 1-ші ақпанда сотқа түскені мәлім болды. Ал сот үкімі 17 ақпанда шықты. 
Бақыт Оңтай мен Өжет Жеңісханға мемлекет бекіткен адвокат Құралай Қалиасқарованың сөзінше, оларға Қылмыстық кодекстің 291 бабы 3 бөлігі бойынша («Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу») айып тағылған.
«Айыпталушылар қылмыстарын толық мойындап, «Алпамыс» дүкенінен қару-жарақ ұрлап, тауға апарып тығып қойған жерлерінен алып бергенін айтты», - дейді адвокат.  Бақыт Оңтай мен Өжет Жеңісханның сотталғанын Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасынұлы да растады.

Сотталушы Өжеттің әкесі Жеңісхан Әкірамұлы «Менің ұлым террорист емес. Ешқандай ұйымға, басқа да қылмысқа қатысы жоқ» дейді. Оның айтуынша, ұлы алаңға көзқарасын білдіру үшін шыққан. Сол кезде біреулер қорқытып, қару кезеп, қолына қару ұстатып жіберген. Ол қарудан ешқандай оқ атылмаған. 
Ал Өжет Жеңісханұлының ағасы Ербол Қакенұлы бауыры Өжеттің мінезі сабырлы, момын екенін айтады. Ауылда жұмыстың жоқтығы, тұрмыстың нашарлығынан желкілдеген жастар ел қатарлы алаңға дат айтуға барған. Алайда олардың осындай әрекетке баруына не мәжбүрледі, ол жағын толық біле алмадық дейді. Өйткені, митингке шыққан бауырымен осы уақытқа дейін сөйлесуге рұқсат берілмеген.  

Күні кеше туыстары Өжет Жеңісханмен ұсталғаннан кейін алғаш рет жолықты. «Өжет және қасындағы бала мемлекет бекіткен адвокаттың ешқандай да жұмыс істемегенін айтты. Сот отырысында «айтарың бар ма?» деп сұрағанда қорғаушы ләм-мим демеген. Бауырларым адвокатқа ашулы. Сот қорғаушыдан тағы бір мәрте сөз сұрағанда тағы үндемей отырып алған. Содан соң жағдай осылай шешілді. Негізінде судья қылмыстық істі қайта қарауға ниетті болыпты. Қорғаушының кесірінен сотталды. Баламыз «неге осы уақытқа дейін өздерің келмедіңдер, қасымыздағы үш-төрт баланы босатып әкетті» деп аза бойы қаза болып отыр. Адвокат Құралай Қалиасқарова бізге заң бойынша қорғау қағазын беруі тиіс екен. Өзі бермеген соң біз де талап етпеппіз. Барайық десек, адвокат тергеу изоляторы қызыл зонада деп кіргізбеді. Біз қорғаушыға имандай сеніп жүре беріппіз. Сөйтсек, ол бауырымызды соттаудың жолын қарастырған секілді. Жуас баланы солай мойындатқан»  дейді Ербол Қакенұлы. 

Адвокаттан «оңбай опық жедік» деген Өжеттің туыстары бүгін басқа қорғаушымен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді. Енді сотқа қайта арыз жазуға бармақ. 
Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпан күні сотталушы Өжет Жеңісханұлының әкесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.  Шағымданушы Президентке «Жаңа Қазақстан, әділетті Қазақстан құрылатынын, Қаңтар оқиғасына байланысты әділетті тергеу жасалып, соттың әділ болатынын айтып едіңіз, біздің баламызға әділетсіз үкім шығарып отыр. Осы іске араласуыңызды сұраймыз» деп араша  сұрады.

 

О.Әбіл    
 
 
 

Байланысты жаналықтар

Бесеудің соты.  Әртістер тілсіз, Жазушылар одағы үнсіз!  

14.07.2023

 «Сағындықтың 5 жасар қызы «әкемді кім атты?» деп сұрайды  

09.01.2023

Тәуелсіз адвокат: «Қаңтар ісі бойынша амнистиямен босаған адам көрмедім...»

05.01.2023

Бас прокуратура:  Қаңтарда қаза тапқандардың 67-сі шабуыл жасаушы   

05.01.2023

Қаралы қаңтарға 1 жыл. Назарбаевтан бас тарту процесі немен аяқталады?

30.12.2022

Берік Асылов: Қаңтарда азаптаумен айналысқандар рақымшылыққа алынбайды

06.12.2022
MalimBlocks
Бесеудің соты.  Әртістер тілсіз, Жазушылар одағы үнсіз!  

Халықтың  қаны төгіліп, ел іші бүлінгенде қит етпегендер енді бас көтерер деймісіз?! 

 «Сағындықтың 5 жасар қызы «әкемді кім атты?» деп сұрайды  

Не деп айтарымызды білмейміз

Тәуелсіз адвокат: «Қаңтар ісі бойынша амнистиямен босаған адам көрмедім...»

268 бап – бандитизм, 269 бап террористік шабуыл жасау деген айыптар тағылды

Бас прокуратура:  Қаңтарда қаза тапқандардың 67-сі шабуыл жасаушы   

Олардың арасындағы 41-і бұрын сотталған

Қаралы қаңтарға 1 жыл. Назарбаевтан бас тарту процесі немен аяқталады?

Бұрынғы президентті құрбандыққа шалуы мүмкін

Берік Асылов: Қаңтарда азаптаумен айналысқандар рақымшылыққа алынбайды

6 желтоқсан – Прокуратура күні қар­саңында Бас прокурор Берік Асыловтан «Egemen Qazaqstan» газеті көлемді сұхбат алыпты. Берік Асыловтың маңызды деген ойларын назарларыңызға ықшамдап ұсынғанды жөн көрдік.