Генералды Өзбекстан азаматы өлтірген болуы мүмкін

Malim Админ

  • 18.12.2024

Ресейдің Тергеу комитеті генерал Игорь Кириллов пен оның көмекшісінің өлтірген болуы мүмкін күдікті адамды ұстағаны туралы хабарлады. Күдікті 1995 жылы туған Өзбекстан азаматы, деп хабарлайды Ресейдің Тергеу комитеті.

Күдікті тергеу кезінде өзіне «Украинаның арнайы қызметінің арбауына түскенін» мәлімдеген. Оның айтуынша, украиналықтардың тапсырмасымен ол Мәскеуге келіп, өз қолымен жасаған жарылғыш құрылғыны алған. Көлікте ол бейнебақылау камерасын орнатып, оқиға орнын онлайн бақылаған. Жарылғыш құрылғы подъезд жанында тұрған самокатқа қойылған. Әскери қызметкерлер подъезден шыққанда жарылғыш құрылғы қашықтан іске қосылған.

Генералды өлтіруге қатысқаны үшін күдіктіге «100 мың АҚШ доллары және бір еуропалық елге қоныс аудару» уәде етілген, деп хабарлайды тергеу комитеті. Ресейдің тергеу комитеті басқа қатысушыларды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.