457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Иранды шабуылдау тосын оқиға емес - Айдос Бәделұлы

Malim.kz, Астана, 13 маусым. Израильдің Ирандағы нысандарды бомбалауы бүгіннің басты жаңалығы болып отыр. Саясаттанушы Айдос Бәделұлы мұны - әйтеуір бір күні болатыны анық оқиға еді дейді.

Иран Израиль соғыс

Ислам мемлекеттеріне қауіп төнді. Израиль жылдар бойы дайындаған стратегиялық шабуылын бастады. Ислам мемлекеттері үшін қатты алаңдайтын күн басталғандай. Енді, жылдар бойы дайындалған стратегиялық шабуылдың басталғанын көріп отырмыз. Яғни, Израильдің Иранға шабуылы. Оны артында АҚШ-тың қолдап тұрғанын біліп отырмыз. АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына қарсы болып келді. Әрдайым дипломатиялық байланысқа шақырып, мәселені шешуге тырысып келді. Алайда еш нәтиже шықпады қанша жылдар бойы. Енді - шабуыл жасауға, уран байыту бағдарламасын толық жоюға шешім қабылдаған сияқты. Бұл жерде Израиль мемлекетінің батыл қадамы - Газа секторын қалдырып, Сириядағы өзінің көздеген стратегиялық мақсаттарын қоя тұрып, бірден Иранға шабуыл жасауы. Артында қолдаушысы барын, сенімді екенін көрсетіп тұр. Ал Иран тарапын айтатын болсақ, осындай соққы боларына көп жылдар бойы дайындалған. Уран байыту бағдарламасы бойынша дайындығы бар үлкен мемлекет. Державалардың қатарына кіріп қалады. Бірақ өзін толық қорғай алады деп айту қиындау. Неге десеңіз, оның саяси режимі тұйық, жабық. Осы бағдарламасын заманауи дамытуға кедергілерге тап келгені белгілі. Сондықтан қоғам тарапынан да үрейлері бар. Иран қоғамы мұндай моққыларды күткен. Қай күні, әйтеуір бір күні шабуыл жасалатынын білген. Оны біз де білдік. Себебі, дипломатиялық әдістер сарқылды. Ендеше, Израильдің қолымен болып жатқан шабуылды АҚШ бастаған саяси күштердің шабуылы деп айтуға болады. Иранды қолдайтын мемлекет жоқ. Ресейден үміттеніп, оған барынша қолдау көрсетті.Бірақ Ресейдің өзінің бас ауруы көп екенін білеміз. Ашық қолдауға бара алмайды. Ислам мемлекеттерінен оқшауланып қалды. Қытайға да арқа сүйеуге тырысқан болатын, бірақ Қытай саясатта өте сақ ел. Иранмен ашық байланысқа барған жоқ. Енді, астыртын байланыстар болуы мүмкін. Ендеше Иран қиын жағдайға тап келуі мүмкін. АҚШ-тың Бағдадтағы елшілігін көшіруді бастауы – осы шабуылдың болатынын алдын ала білгендігі.

Фото: malim.kz, dw.com