Израиль премьер-министрі Нетаньяху сот алдында жауап бере бастады

Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, ешқандай заң бұзбағанын айтты.

Аялдар Күнтуған

  • 10.12.2024

Фото: eadaily.com

2024 жылғы 10 желтоқсанда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ұзаққа созылған сыбайлас жемқорлық ісі бойынша алғаш рет сотта куәлік берді. 75 жастағы Нетаньяху Израиль тарихында қылмыс жасады деп айыпталған алғашқы премьер-министр. Ол 2009 жылдан бері Израиль Үкіметін басқарып келеді, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

«Мен бұл сәтті шындықты айту үшін сегіз жыл бойы күттім, – деді Нетаньяху істі қарап жатқан үш судьяға. – Бірақ мен премьер-министрмін... Мен елді жеті бағытта жүріп жатқан соғыс уақытында басқарып отырмын. Мен бір уақытта еекі іспен қатар айналыса аламын деп ойлаймын».

Ол таңғы 10-дар шамасында Тель-Авив аудандық сотына күлімсіреп кірді. Сот процесі қауіпсіздік себептеріне байланысты Иерусалимнен басқа жерге, елдің қорғаныс штабынан 15 минутта жаяу баруға болатын жер асты сот залында өткізілді.

Нетаньяхуның сотқа куәлік берер алдында оның адвокаты Амит Хадад тергеудің негізгі кемшіліктері туралы мәлімдеме жасады. Хададтың айтуынша, прокурорлар «қылмысты тергеп жатқан жоқ, олар адамға қарсы әрекет етуде».

Осы кезде ондаған наразылық білдіруші сот ғимаратының алдына жиналды, олардың кейбірі Нетаньяхудың қолдаушылары болса, ал басқалары Газада кепілде отырған 100-ден астам адамды босатуын талап етушілер.

Израиль Газа секторында қарулы топқа қарсы соғысты бір жылдан астам уақыт бойы жүргізіп келеді, осыған байланысты сот отырыстары кейінге шегерілген. Бірақ судьялар өткен бейсенбіде оның куәлік беруі керек деп шешім шығарды.

Сот Газадағы соғысқа және Таяу Шығыстағы, оның ішінде көрші Сириядағы тұрақсыздықтың жаңа қауіптеріне қарамастан, сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және сенімге селкеу түсіру бойынша айыпталған Нетаньяху аптасына үш рет куәлік береді деп мәлімдеді.

Нетаньяху 2019 жылы миллионер достарынан сыйлық алу және медиа магнаттарынан өзіне қолайлы ақпарат тартауға келісу сияқты үш іс бойынша айыпталды. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, ешқандай заң бұзбағанын айтты.

Сотқа дейінгі дайындық кезінде Нетаньяху өзіне қарсы жүргізіліп жатқан тергеулерді заң орындарының «шабуылына» теңеп, олардың әрекетін «сиқыр арқылы аң аулауға» ұқсатты. Ол айыптарды жоққа шығарып, кінәсіз екенін мәлімдеді.

«Израильдегі демократияға нағыз қауіп халық сайлаған өкілдерден емес, сайлаушылардың таңдауын қабылдамай, саяси мақсаттағы тергеулер арқылы төңкеріс жасауға тырысатын кейбір құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен төнеді», – деді ол бейсенбіде жасаған мәлімдемесінде.

Оның үкіметі өткен жылы сот билігін шектеу бойынша ұсыныс жасап, израильдіктер арасында түрлі пікір тудырған.

2023 жылғы 7 қазандағы ХАМАС шабуылы мен Газадағы соғыс Нетаньяхудың сот ісін қоғамдық күн тәртібінен ығыстырды, бірақ соғыс ұзаққа созылған сайын саяси бірлік ыдырай бастады.

Гаага соты өткен айда Нетаньяху мен оның бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантқа Газадағы соғыс қылмыстары үшін қамауға алу қаулысын шығарды.

Байланысты жаналықтар

Израиль Исмаил Ханияны өлтіргенін мойындады

24.12.2024

Израильдің соққысынан қаза тапқандар саны 2,5 мыңнан асты

23.10.2024

АҚШ Израильге ескерту жасады

16.10.2024

Харрис Газадағы бітімгершіліктің қажеттілі туралы айтты

07.10.2024

Израильдің футбол жанкүйерлері Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды

10.09.2024

Таяу шығыстағы келіссөз: Израиль мен ХАМАС келісімге келе ме

09.08.2024
MalimBlocks
Израиль Исмаил Ханияны өлтіргенін мойындады

Израильдің соққысынан қаза тапқандар саны 2,5 мыңнан асты

12 мыңға жуық адам жарақат алған

АҚШ Израильге ескерту жасады

АҚШ-тың талабы - Израиль билігі Газа секторында гуманитарлық жағдайды жақсарту үшін шаралар қабылдауға тиіс

Харрис Газадағы бітімгершіліктің қажеттілі туралы айтты

Вашингтон Газа секторының тұрғындарына гуманитарлық көмек беріп, Израильмен ынтымақтастық орнатпақ

Израильдің футбол жанкүйерлері Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды

Газа секторындағы қақтығыс 2023 жылы 7 қазанда басталған

Таяу шығыстағы келіссөз: Израиль мен ХАМАС келісімге келе ме

Катар, Египет және АҚШ билігі Израиль мен Палестинаның ХАМАС (көптеген мемлекеттер террорлық ұйым деп таныған) тобын Газа секторындағы атысты тоқтатуға шақырды. Олар өткен жылдың 7 қазандағы шабуыл кезінде тұтқынға алынған израильдіктерді босату туралы келіссөздерді қайта бастауды ұсынды.