Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кәрім Мәсімовке шұғыл ота  жасалды

Саясат
Кәрім Мәсімовке шұғыл ота  жасалды

 

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов операция жасатты деген ақпарат шықты. Бұл туралы Orda_kz телеграм арнасы  хабарлады.  Ол Астана қалалық сотында процесс  барысында құлаған. Дереу жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.  

«Көптеген халықаралық ұйымдар және БҰҰ -ның негізсіз қамау жөніндегі жұмыс тобы «тез арада босату үшін шұғыл шаралар қабылдауға» шақырғанымен,  Мәсімов бір жылдан бері түрмеде отыр.  Ол 30 Қаңтарда операция жасауға мәжбүр болды», - деп хабарлады Кәрім Мәсімовтің PR қызметі.  

6 ақпанда Мәсімов тергеу изоляторына қайтарылды. 

Айта кетейік,  6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған болатын. Қылмыстық кодексте мемлекетке опасыздық жасау әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу