Лавров Еуроодақ кеңістігіне ұшып барды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захароваға алдымен виза беріліп, кейін оның күші жойылды.

Аялдар Күнтуған

  • 05.12.2024

                         Фото: ВВС

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ЕҚЫҰ отырысына қатысу үшін Мальта астанасы Валеттаға ұшып кетті. Бұл жөнінде ВВС агенттігі жазды.

Бұл оның Украинамен кең ауқымды соғыс басталғаннан бері Еуропалық Одаққа бірінші сапары. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захароваға алдымен виза беріліп, кейін оның күші жойылды.

Лавров Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысады. Мария Захарова «ЕҚЫҰ-дағы қазіргі жағдайды және ұйымды дағдарыстан шығару жолдарын» талқылайтынын айтты.

Неміс DPA агенттігінің хабарлауынша, Лавров ресейлік ұшақтардың ЕО әуе кеңістігіне кіруіне тыйым салынғанына қарамастан, ресейлік лайнердің бортында келген.

Өткен жылы дәл осындай кездесу Еуропалық Одаққа кірмейтін Солтүстік Македонияда өткендіктен, Лавров ол жаққа бара алды. 2022 жылы кездесу Варшавада болды – Польша Ресей министрін шақырудан бас тартты. Лавров Украинадағы соғысқа байланысты Еуроодақтың санкциясына ілінген.

Байланысты жаналықтар

Ресей шабуылынан 1 адам қаза болып, көптеген тұрғын жарақат алды

24.12.2024

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

20.03.2023
MalimBlocks
Ресей шабуылынан 1 адам қаза болып, көптеген тұрғын жарақат алды

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

Науқан барысында әкімшілік кедергілерге де тап болды